«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Қазақстандық көлік тасымалдаушыларын жөнсіз кедендік тексеруден өткізуді тоқтату керек»

2017 жылғы 06 Сәуір
6799 просмотров

«Атамекен» ҰКП басшысы көліктік бақылау жүйесінің жалпы механизімін дайындауды тапсырды

Бүгін Астанада Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен Ұлттық палатаның Логистика және тасымалдау комитетінің жұмыс кеңесі өтті. «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы көліктік бақылау жұмысындағы басымдықтарды атап өтіп, отандық тасымалдаушылардың мәселесін шешуді және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тауарларын экспортқа шығаруға көмектесуді тапсырды.  

Ұлттық палата Төралқа Төрағасы Комитеттің мақсаттары Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан аумағында Орта Азиядағы ірі іскерлік көліктік хабты құру жөніндегі идеясына дәл келетіндігін еске сала отырып, темір жол, автомобиль, су көлігі, азаматтық авиация мен көліктік логистика жұмыстарын қамтитын Комитет жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Оның үстіне, аталған Комитет жұмысында респбликаның автокөлік транспорты нарығының шамамен 20% және көліктің басқа түрлерінің шамамен 90% үлесін қамтып, мүддеcін білдіреді.

Комитет Төрағасы Қанат Алпысбаев 2015 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі көлік-логистикалық саласының үлесі 2016 жылы 3,7%-ға өскенін атап өтті. Автомобиль көлігімен транзиттік жүк тасымалдау көлемі 2014 жылы 1,4 млн теңге болған, ал 2015 жылы – 1,2 млн теңгені құраған, дегенмен 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 28.3%-ға өсіп, 1,5 млн теңгеге жеткен. Сондай-ақ, халықаралық автомобиль тасымалдауының жалпы көлемінде қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі 46,4%-ға өсіп, Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және интеграциялаудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген 40% шегіненен асып түсті. Ал Қазақстанға импорттық тасымалдау көлемінде отандық операторлардың үлесі 53%-ды құрады. Өткен жылы Ақтау портында автокөлік жүкті ауыстырып тиеуде қарқынды өсім байқалды. Егер 2015 жылы 1671 дана болса, 2016 жылы бірден 13518 данаға өскен. Әрине, жүк тасымалдау бағытының дамуындағы бұл қарқын көршілес Ресейдің Украина мен Түркия қатысты санкцияларды енгізу сияқты геосаяси жағдай да әсеріннен екені айқын. Ресей мен Түркия арасындағы жағдайдың жақсарғанына қарамастан, Түркиядан жүк тасымалдау азайған жоқ. Қанат Алпысбаев өсу динамикасы сақталатынын айтады. Биыл сарапшылардың есебі бойынша жүк тасымалдау ағыны 14700 данаға жетпек.

Қытай-Еуропа-Қытай бағыты контейнерлік жүк тасымалдау ағынының негізгі драйвері болып отыр. Былтыр жүз мыңнан астам контейнер тасымалданған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Дегенмен, темір жол көлігімен транзиттік жүк тасымалдау мен жүк айналымының жалпы динамикасы бірқатар себептерге байланысты соңғы бес жыл ішінде азайып келеді.

Автомобиль көлігі саласында біраз түйткілді мәселе бар. Солардың ішінде ең көкейтестісі – көліктік бақылаудың жоқтығы. Бұл өндіріс саласындағы жемқорлық рейтингісінде бірінші орынға шығуының басты себебі. Оңтайландырудың нәтижесінде көліктік бақылау посттары қысқарған. Қазіргі таңда 4 станционарлы, 37 жылжымалы пост бар. Көліктік бақылау постарында адами факторларды болдырмау үшін автоматтандыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Жиын барысында тағы бір маңызды мәселе де көтерілді. Ол – Ресей Федерациясы кеденшілерінің Ресей аумағы арқылы үшінші елден Қазақстанға отандық тасымалдаушылардың жүк тасымалдауы кезінде Халықаралық жол тасымалдау жүйесін сақтамауы. Ұлттық Палата мен Логистика және тасымалдау комитеті осы мәселені бір жылдан астам уақыт бойы көтеріп келеді. Қос елдің Үкімет басшылары деңгейінде бұл мәселе ресми шешілген. Бірақ іс жүзінде қазақстандық жүк тасымалдаушыларға негізсіз кедендік тексеру шаралары жүргізіледі. Тіпті екі рет орын алды –Ресей Федерациясы аумағына кірген кезде және Қазақстан шекарасының алдында. Халықаралық жол тасымалдау кітапшасының тәуекелдерді басқару жүйесіне енуі мәселеге бөгет болып отыр.

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы көліктік бақылау жүйесіндегі жалпы механизмді дайындауды тапсырды. Оның ішінде автокөліктік құралдардың салмақтық пен көлемділік параметрлеріне қатысты, ҚР автокөлік жолдарынның бұзылмауын қамтамасыз ету үшін осьтік жүк салмағын асырмау мақсатында бөлінбейтін жүк үшін арнайы рұқсат берудегі нормаларды заңнамамен бекіту.

Сонымен қатар, «Атамекен» басшысы Еуразиялық экономикалық комиссияның Іскерлік кеңесі арқылы қазақстандық халықаралық автотасымалдаушыларды негізсіз кедендік тексеру мәселесінің оң шешілуіне қол жеткізуді жүктеді.

Ауыл шаруашылығы өсу драйвері ретінде және отандық өнімдерді халықаралық нарыққа шығару жөніндегі шараларды есепке ала отырып, «Атамекен» ҰКП экспорттық тауарларды тасымалдаушы жүйелік оператор болатын «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп өз тауарларын халықаралық нарыққа шығаруды көздейтін ауылшаруашылығы өнімін өндірушілермен бірлескен жиын өткізу тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер