«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда бизнеске қолайлы қалаға айналуы тиіс

2017 жылғы 06 Сәуір
- Қызылорда облысы
6625 просмотров

Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов қала әкімдігінде өткен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған мәжілісте айтты

«Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлердің мәселелерін шешу бағытында әріптестік негізде тиісті шаралар қабылдау арқылы бизнес өкілдерінің өзекті мәселелерін жедел шешуде. Оған жақында ғана шешілген қаладағы дүңгіршектер мәселесін айтуға болады.

 Ал, жалпы қалада кәсіпкерлік мәселесімен айналысқысы келетін азаматтар үшін Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қаржылай емес қолдау түрлерін көрсетуге әзірміз.

Қазір облысымызда «Нәтижелі жұмыспен қамту – 2017-2021» бағдарламасы аясында «Бастау» бизнес жобасы басталды. Аталмыш жобаға облыстың 5 ауданы қатысуда. Жобаға қатысқысы келген аудан азаматтары 1 сәуірден бастап тестілеуден өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5 ауданда өткен тестілеуге 229 адам қатысты. Қызылорда қаласы әзірге бұл жобаға енбеуіне байланысты біз қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындарына қолдаудың өзге де түрлерін қарастырып жатырмыз.

Мәселен, қазір Кәсіпкерлер палатасы «Даму»-дың, «ҚазАгро»-ның мамандарымен бірге қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындарына арналған «Кеңес беру күні» акциясын жүргізуде. Акция барысында жұмыссыз және аз қамтылған отбасы жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында кеңес, ақпарат беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін шара 7 ауылдық округте өткізілді. Айта кету керек, бұл акцияны тоқсанына бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз», - дей келе Палата басшысы қала әкіміне келесі ұсынысын жеткізді.

«Кәсіпкерлер палатасымен бизнес өкілдерінен түсетін шағымдарға талдау жасау барысында арыздардың 30 пайыздан астамы жер қатынастары саласына қатысты екендігі анықталды. Осы жерде мынадай ұсыныс айтқым келеді. «Қызылорда – бизнеске қолайлы қала» деген бастаманы жүзеге асыруды ұсынамын. Жалпы кәсіпкерлердің мәселесін шешуде неғұрлым жеңіл жолын қарастыру қажет. Бұл ретте, Палата жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Мәселен, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындары үшін «Бизнес-мектеп» компоненті бойынша оқу жүргізеді. Аталмыш компоненттің ішінде екі күндік ақысыз «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша біліктілікті жетілдіруге болады.

«Бизнес-кеңесші» жобасы –  әрекет етуші және кәсіпті жаңадан  бастаған кәсіпкерлерге сонымен қатар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға қысқа мерзімді кәсіпкерлікті жүргізу негіздерін оқытатын жоба.

 Осы ретте, егер ауылдық округ әкімдері ауылдан оқуға ниетті азаматтарды жинап, талапқа сай өткізілетін орынмен қамтамасыз етсе, «Бизнес-кеңесші» курсын ауылдарға барып өткізуге дайынбыз», - деді Ғалымбек Жақсылықов.

         


Еншілес ұйымдар

Серіктестер