«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Франшизаны қалай сатуға болады?

2017 жылғы 06 Сәуір
- Алматы қаласы
8420 просмотров

Алматыда кезекті рет Franch day өткізілді

Franch day франчайзингтің екінші басқосуына «Инвитро-Казахстан» ЖШС директоры Александра Тимофеева пен тәуелсіз заң кеңесшісі Клавдия Есенжолованы арнайы шақырды. Қонақтар франзайзермен қалай келісімшартқа отыру,  бизнесті жүргізу бойынша негізгі стандарттар туралы айтып, франчайзингтік желіні құру құпияларымен бөлісті.

«Бүгінде Ресей, Қазақстан, Украина, Белоруссия, Армения территориясында 900 медициналық кеңселеріміз ашылған. Біз франчезиге биоматериал қабылдау мүкіндігін ғана береміз. Содан кейін оны зертханаға тасымалдаймыз. Барлық зерттеу мен сараптау жұмыстарын өзіміз жүргіземіз. Бүгінде 10 зертханамыз бар, оның үшеуі Қазақстанда орналасқан. Еліміздегі 40 «Инвитро» медициналық кеңселердің  алтауы франчайзингтік кеңселер. Серіктестеріміз бізден бір офис сатып алып, оны ары қарай жетілдіреді, кейн тағы біреуін, үшіншісін сатып алып, балаларына сыйға тартады. Өйткені біз бизнес жүргізудің дайын сызбасын сатамыз. Бұл жұмыстар уақыт пен тәжірибемен сыналған сенімді жобалар. Тұтынушылар брендтке деген сенімін артып отыр», – деді Александра Тимофеева.

  «Инвитро-Қазақстан» диреторының айтуынша олардың компаниясы серіктестерін үнемі сүйемелдеп, қолдап отырады, есептеулерімен, талдауларымен бөліседі, кеңес береді, биоматериалды тасымалдауға кықпалдасады. Осындай қолдау арқылы брендтке деген сенім артып отыр.

«Компаниямыз белгілі бір жетістікке жеткенде, желімізді танымал ету жолдарын ойластырдық. Осы кезде франшизамызды сатамыз деп ұйғардық. Осындай қадамға бармас бұрын тұтынушыдың қызығушылығын, бізге деген сенімін арттыру бойынша еңбектендік», – деді  Александра Тимофеева.

Кездесудің спикерлері франшиза алмас бұрын рояльтидың пайызға емес, нақты бекітілген сомаға келісу керек екенін айтты. Ал егер пайда түспесе, рояльтиді де төлемеуге мүмкіндік жасау үшін алдын ала келісу керек.  Бренд анағұрлым танымал болса, соғұрлым қымбат болады.

«Kaz Franch» Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Қисықов франчайзинг экономикалық дағдарыс кезеңінде бизнестің ең қауіпсіз түрі екенін алға тартты.  Ал Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов шара қатысушыларына бизнес бастау үшін түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар екенін еске салды. Бағдарламалар туралы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан білуге болады.

      


Еншілес ұйымдар

Серіктестер