«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай сапарының қорытындысы

2017 жылғы 05 Сәуір
6735 просмотров

Қазақстан делегациясы ҚР вице-премьері­–Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың басшылығымен Қытайда жұмыс сапарымен барды

Делегация құрамында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев та бар.

Сапар барысында Қытай тарапымен шектеулерді алып тастау мен Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерінің Қытай нарығына кедергісіз жеткізілуіне қатысты бірқатар уағдаластықты шешудің жолдары талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстанның өндірушілері Қытай нарығына бидай экспорттауға мүмкіндік алды.

Мұнымен қоса, ағымдағы жылдың сәуір айында қытайлық әріптестер қой етін шығару жүйесін тексереді. Бұл 2017 жылдың екінші жартысында Қазақстаннан Қытайға қой етін тасымалдауға қойылған шектеуді алуға мүмкіндік береді. Қытай жыл сайын жалпы сомасы 115 млрд АҚШ долларына азық-түлікті импорттайды, әлем елдерінің ішінде үшінші орын алады. Оның ішінде бір миллион тонна көлемінде ет өнімдері сырттан жеткізіледі. Қазақстан жылына 360 тонна қой етін экспорттауға қауқарлы.

Қос тарап Қазақстаннан Қытайға экпортқа шығу үшін 34 тауар тобы бойынша, оның ішінде ара балына да ветеринарлық және фитосанитарлық талаптардың Хаттама жобасын келісу процедураларын жеделдетеді. Алматы, Шығыс-Қазақстан облыстарындағы кооперативтер осы шешімді күтіп отыр.

Сапар барысында «Ауыл шаруашылығы мен тағамдық өнімдердің сауда саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы» тақырыбында ірі кездесу ұйымдастырылды. Оған Қазақстан сыртқы сауда палатасының Халықаралық сауда ықпал ететін Қытай комитеті 86 сауда-саттық компаниясы мен азық-түлік өнімдерімен жұмыс істейтін компанияларды шақырған. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу кәсіпорындары бар және олар, ең алдымен, Қазақстанның агроөнеркәсіп өнмдерін әкелуге салынған шектеудің алынып тасталуына мүдделі. Себебі бұл компаниялар қазақстандық өнімдерді, әсіресе ет, бұршақ дәнді мен майлы дақылдарды сатып алуға қызығушылықтарын жасырмады.

Келіссөз кезінде қытайлық бизнесмендердің инвестиция салу әрі өндіріс үшін бірлескен кәсіпорын салу мен Қытайды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Бұл бағыттағы мәселелерді шешу үшін «Бір белдеу бір жол» инвестициялық қоры, Shandong Hi-speed Group Co., Ltd. Корпорациясы мен құрамына 80 мыңнан аса қытайлық компания кіретін Қытай және ҚХР шетелдік кәсіпкерлері қауымдастығының одағы өкілдерімен келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП өкілдері электронды трансшекаралық коммерциядағы ірі компаниялардың бірі болатын OBOR Cloud компаниясының кеңесіне барды. Рұқсат ету процедураларының интеграциясы аясында Қазақстандық тарапқа екі ел арасында электронды сауда механизмдерін жетілдіру бойынша серіктестікке ұсыныс жасалды.

Қытайдағы жұмыс сапарының екінші бөлігі тағы бір уағдаластыққа арналды. EXPO-2017 көрмесіне жалпы саны 2000 кәсіпкерден асатын Қытайдың 23 провинциясынан бизнес-делегация келеді. Олардың әрқайсысымен қазақстандық өнімдер мен инвестициялық жобаларды таныстыратын бизнес-форумдар ұйымдастырылады.

Қытайдың Jiangsu Muyang Holdings ірі кәсіпкерлік холдингі азық-түлік өнімдерін алуға, сауда және логистикаға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, қытайлық кәсіпкерлер агроөнеркәсіп кешені саласында серіктестіктің жаңа бағытын атады: алмұрттың жаңа сортын, сондай-ақ медициналық препараттарды жасау үшін қызылмия тамырын өсіру.

Кездесу қорытындысы бойынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 15 сәуірге дейін әрбір компаниямен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-шара жоспарын дайындайды.

Екі күндік келіссөздердің нәтижесінде «Атамекен» ҰКП бірқатар келісімдерге қол қойды:

1. Қытай және шетелдік кәсіпкерлер қауымдастығы одағының президенті Тень Хэсян мен «Атамекен» ҚР ҰКП екі елдің кәсіпкерлерін шоғырландыру үшін біркескен қауымдастық құру жөніндегі меморандумға қол қойды;

2. Mu Yang корпорациясы (Қытайдағы агроөнеркәсіпкешені саласындағы ірі бес компанияның қатарында) ауылшаруашылық саласындағы заманауи техниканы жеткізуге, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жобалардың қаржыландыруға дайын;

3. Xingjiang Delong Corporation корпорациясымен (Шыңжаң-ұйғыр автономдық ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компания) Өңірлік даму картасына енгізілген агроөнеркәсіп кешені жобаларын қаржыландыратын қор құрылады.

4. Shandong Hi-speed Group Co., Ltd корпорациясымен (инфрақұрылымдық нысандарды салуда әлемдің ірі он компанияның қатарында) МЖС жобаларын жүзеге асыру аясында екіжақты тиімді ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер