«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дұрыс жоспар – табыстың көзі

2017 жылғы 05 Сәуір
- Ақтөбе облысы
7760 просмотров

Ақтөбедегі металлдан жиһаз жасаушы Қазақстанның өткізу нарығын үш айда иегерген

«Ена Л.С.» кмопаниясы былтырғы жылдың аяғында кеңселер мен мектептерге, медициналық мекемелер, банктер, өндірістік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдарға металлдан жасалған жиһаз дайындау үшін құрылған. Негізгі мақсаты – Қазақстан нарығына металдан жасалған сапалы да ыңғайлы жиһазды ендіру. Жеке кәсіпкерліктің өндірістік директоры Сергей Ена бүгінде сұраныс өте жоғары екенін айтты.

Басында, бизнес-жоспарды құра отырып, белгілі бір көлемде шығаруды, бастапқыдағы өзі шығынын өзі өтеушілігі есептелген болатын. Сергей Ена Қазақстан аумағында taynik.kz сайтын ашып, ақпараттық қолдауды іске қосқаннан кейін тапсырыстың астында қалғандарын жеткізді.

«Бұл өнім шын мәнінде қажет екен. Тапсырыс Қазақстанның барлық өңірінен түсіп, үш айдың ішінде серіктестік келісімдер базасы қалыптасты. Ең ірі тапсырыс берушілер Алматы мен Атыраудан. Сондай-ақ Астанадағы құрылыс компаниясы да серіктестер қатарында. Олар тапсырыс берген пошта жәшіктерінің алғашқы партиясы жөнелтілген. Салынып жатқан үйге орналастырылатын болады», – деп жалғады кәсіпкерлік өкілі.

Білім беру мен медициналық мекемелер үшін ауқымды тапсырыстар жасалады. Тұтынушылардың жеке қажеттіліктері пен сұранысына қарай ақтөбелік парта, шкаф пен стеллаж дайындайды.

«Таяуда ғана дәрі-дәрмектерді сақтайтын медициналық вакуумды шкафты жасауға тапсырыс түсті. Техникалық бөлім тапсырыс берушінің талабы мен нормаларға сәйкестігіне қарай әзірлеу үстінде. Өндірісте Ресей мен Қазақстаннан шығатын қалыңдығы 0,8 мм басталатын тақталар қолданылады. Барлық бұйымдар ұнтақты бояумен боялады. Заттардың үлгісі жоғары сапалы лазерлі станокта дайындалады, бұл тапсырыс берушінің талабымен жедел орындауға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған нығыздап иілдіретін станоктардың көмегімен майыстыру жұмыстары жасалады», – деп түсіндіріп өтті жеке кәсіпкерлік директоры Любовь Ена.    

Әзірше компанияда төрт адам жұмыс істейді, болашақта өндіріс пен штатты кеңейту жоспарлап отыр. Барлық процесс автоматтандырылған. Оның үстіне қалдықсыз өндіріс, бір металл табағынан 500-600 грамм ғана қалады дейді өндірістік директор.

Ена жұбы бизнеске келгендеріне бір ғана жыл болған емес. Олар өз кәсіптерін корпустық жиһаз жасаудан бастаған. Бұл салада бәсекелестіктің жоғарылығы бизнесмендерді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасына алып келді. Мұнда Любов Ена кеңес алып қана қоймай, кәсіпкерлікті жүргізудің қыр-сырын меңгерді. Сертификаты қолына тигеннен кейін, жолдасымен бірге өз ісін бастауға ниет етті. Өңірлік палата сарапшылары табыс пен тәуекелді ескеріп, жаңа жобаны бастауға кеңес берген. Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің мамандары бизнес-жоспар жасауға, субсидиялау мен кепілдендіру бағдарламаларына қолжетімділікте толықтай сүйемелдеу жұмысын атқарды.

Нәтижесінде, аз уақыттың ішінде цех өзі шығынын өтеп, несиені төлейтіндей табыс алып келе бастады. Өткен жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жәрдемімен 546 кәсіпкерлік субъектісі ашылған. Ал жыл басынан бері Ақтөбедегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы шағын және орта бизнесінің 109 субъектісін, аудандарда шамамен 57-сін іске қосты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер