«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға қолдау қажет

2017 жылғы 05 Сәуір
- Павлодар облысы
6972 просмотров

ӨКП алаңында ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдау мәселелері талқыланды 

Ауыл шаруаларын толғандыратын мәселелер көп болып шықты. ӨКП директоры орынбасары Серік Әбілтаев жылдың басында 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданғаны туралы хабарлады. Құжат ауыл шаруашылығы мен өндірістік өнеркәсіпті мемлекеттік тарапынан қолдауын күшейтуге арналған.

Серік Әбілтаевтің айтуынша жаңа бағдарламаға сәйкес агроөнеркәсіп кешеніндегі барлық салалар бойынша несиелеу мен субсидиялау шарттары өзгерген.  Осы орайда бір үстел басында шаруаларды, қаржылық институттар мен мемлекеттік органдардың басын қосып, жаңа өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жасалды.

Отырыс барысында Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орныбасары Гүлнар Арғынова асыл тұқымды малды өсіруде субсидиялау тәртібі, мал басын көбейту, сапасын арттыру бойынша, сондай-ақ, инвестиция салғанда агроөнеркәсіп кешені субъектісі тартқан шығындардың жартысын өтеу бойынша субсидиялау тәртібі туралы  ақпарат берді.   

Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры өкілі Марабек Жұмабаев бордақылау алаңына бағытталған «Береке», сүт жинау үшін арналған жабдықтарды алу үшін «Ырыс», ет, сүт және жеміс-көкөөніс өнімдерін сервистік-жинау кәсіпорындарына арналған құрал-жабдықтар алуға бағытталған «Ынтымақ» бағдарламалары туралы толық ақпараттандырды.

 Шара барысында ауыл тұрғындары кооперативтерге қанша қожалық мүше болу керек, және субсидиялаудың ережелері жайлы сауалдар қойды. Ауыл шаруашылығында ең кемі 3 қатысушы болуы керек, алайда субсидиялау ауыл шаруашылығы кооперативінде 20 адамнан жоғары мүше болса ғана беріледі.

Сонымен қатар фермерлер салық салу, микронесиелейтін ұйымдар, қаржыландыру мерзімі жайында сұрақтарына да толық ақпарат берілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер