«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алға қарай ұмтылу

2017 жылғы 04 Сәуір
- Павлодар облысы
5861 просмотров

Екібастұз қаласының тұрғыны өзінің инновациялық әлеуемттік «Мейірімді алақан» жобасын таныстырды

Екібастұзда «Start up жыл идеясы» атты жастар мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адамдар арасында өткізілген байқау қорытындысы жасалды. Байқау жеңімпазы болып жас кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» курсының тыңдаушысы Руслан Омаров атанды.

Рулсан идеясынының басымдығы әлеуметтік желілердегі саудаға берілді. «Мейірімді алақан» интернет дүкені зейнеткерлер, жас аналардан басқа қосымша табыс іздеп жүрген студенттер мен мектеп оқушыларына пайдалы.

 

 Мәселен, кәсіпкердің айтуынша бала күтімімен үйде отырған аналардың көбінде сүйкті хоббилері бар. Сол сүйкті іс арқылы отбасы бюджетіне де толықтыру жасауға болады. Дәл солай әжелер де әлеуметтік желі арқылы өздері тоқыған нәски-шәлдерін тиімді сата алады. Студенттер де итті қыдырту, нанға барып келу, курьерлік бойынша өз қызметін ұсына алады. Яғни, қалалықтар арасында өзара тиімді алаң құруда аталмыш интернет дүкеннің үлесі зор.

ӨКП Екібастұз қалалық филиалының директоры Медият Мусанаптың айтуынша бұл жоба Руслан Омаровтың алғашқы бастамасы емес. Осыған дейін Руслан «Антикафе» атты жобасын жүзеге асырған. Руслан Екібастұз қаласының қоғамдық әрі мәдени дамуына үлес қосқысы келеді. Бүгінде «Антикафе» қала тұрғындардың сүйкті орнына айналды. Бұл кафеде дәмді тамақтанып, кино қарап, жақындармен емін-еркін әңгімелесуге болады. Аталған жобаларды жүзеге асыруда Палата мамандары кеңес беріп, құжат алуда толық сүйемелдеу жасаған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер