Кәсіпкерлер 4 млн теңгеге жуық сомада көмек көрсетті
Қарағандылық кәсіпкерлер оқу орнын қамқорлығына алып, қажетті жабдықпен қамтамасыз етті
Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі – облысымыздағы байланыс қызметкерлерін даярлайтын басты оқу орны. Қарағандылық кәсіпкерлер болашақ мамандардың тәжірибелік дайындығы жоғары болуы үшін қажетті құрал-жабдықтар сыйлады.
Колледж басшылығы оқу барысы тиімді болуы үшін және материалдық-техникалық базаны жаңартып отыру мақсатында былтыр Қамқоршылық Кеңесін құрған еді. Байланыс, құрылыс және техникалық жабдықтаумен айналысатын бірқатар кәсіпкерді тартып, студенттерінің жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті етуді қолға алды. Қамқоршылық Кеңес жалпы сомасы 3 млн 900 мың теңге болатын көмек көрсетті.
«Осы келісім-шарт аясында колледжіміздің материалдық және техникалық базасын жаңартып жатырмыз. «Веста» ЖШС «Ғимараттағы желілік электр байланысын пайдалану және сыммен хабар тарату» мамандығы бойынша замануи құрылғылармен жабдықталған талшықты кабелмен жұмыс істеу зертханасын ашып берді. Оқытушылар мен студенттерге мастер-класс өткізді. Танымал «220 ВОЛЬТ» сауда үйі электр желілерін монтаждауға пайдаланатын құрылғылар сыйлады», – дейді колледж директоры Ирина Кисилева.
«Furtado plast» компаниясы колледжге оптикалық-талшықты кабель зертханасын құны 700 000 теңге болатын жабдықпен қамтамасыз етті.
«АСПАП» өндірістік кооперативі болса «Автокөлік жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы бойынша жұмыс істейтін зертханаға «Москвич» көлігінің двигателі мен теледидар алып берді.
«Қамқоршылық Кеңеске қаламыздағы түрлі қоғамдық мекемелердің өкілдері де кіреді. Соның бірі – «Бота» қоғамдық қорының төрағасы Валерия Нефедова. Бұл кісі «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша зертханаға көп көмек көрсетті. Барлық құрылғыларын жаңартып берді. Колледжді аббаттандыруға қажетті техника мен құралдарға көмек қолын созды. Спорт залға арналған жаттығу құрылғыларын алып берді. Сондай-ақ, колледжге жаңа автокөлік сыйлады. Қазіргі таңда колледжіміздің студенттері бұрын-соңды болмаған жабдықтармен тәжірибе үстінде ұшырасып, оқуға деген құштарлықтары арта түсті», – дейді колледж басшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: