«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу

2017 жылғы 03 Сәуір
- Маңғыстау облысы
9027 просмотров

Маңғыстау облысының Бухгалтерлер клубы кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығы мен салықтық мәдениетін арттыруда еңбектеніп келеді

Мақсатты орындау үшін Клуб 2016 жылдың желтоқсанынан бастап арнайы жұмыс атқарған. Қаржылық сауаттылық бойынша бірнеше семинар өткізілді. Мәселен, счет-фактураларды қолдану бойынша семинарға ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері онлайн-режимде кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді.

Келесі семинарда Маңғыстау облысы Статистика  департаменті қызметкерлері 2017 жылдың бірінші тоқсаны, 2016 жылдың статистикалық есебін дайындау жұмыстарымен таныстарды. Сонымен қатар Маңғыстау облысы ӨКП мен ҚР Мемлекеттік кірістер басқармасының  Ақтау қаласы филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжат бойынша Ақтау қаласы   Мемлекеттік кірістер басқармасында бухгалетрлік және салықтық есеп жүргізу бойынша қызмет көрсету терезесі ашылды.

Бүгінгі Бухгалтерлер клубы отырысында Мемлекеттік кірістер қалалық басқармасының жетекшісі Серік Жасұлан мүлік, жер, көлік салығын әкімшіліктендіру бойынша сауалдарға жауап берді. Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлім бастығы Жанна Ақылбекова салықтық есепті электронды түрде тапсырудың артықшылықтарын айтты.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында сервистік қолдау аясында басқада тегін семинарлар өткізіліп келеді. Электронды сатып алуларға қатысу, Еңбек кодексіндегі өзгертулер, бизнес-жоспар әзірлеу және басқа да тақырыптарда семинарлар өтеді. Барлық атқарылатын қызмет пен семинарлар тегін өткізіледі.

Сервистік қолдауды Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында алуға болады. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы, 35-шағын аудан, 2-ғимарат, 1-қабат.

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7292) 30 40 40


Еншілес ұйымдар

Серіктестер