«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске ашылған жол

2017 жылғы 31 Наурыз
- Ақмола облысы
8915 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы өткізген «Бизнес-Кеңесші» оқу курстары биыл да үлкен сұранысқа ие. Кәсіпкерліктің қырын тануға құштар жандардың қатары жыл өткен сайын артып келеді.

Маркетинг, заң сырлары, бизнесі қалай бастау керек – бұл ақмолалықтар меңгеретін саланың бір бөлігі ғана. Бизнес-тренер Еркен Ахметжановтың айтуынша, «Бизнес-Кеңесші» курсына кәсібін ашқан адамдар да қатысуға ниет білдірген. Солардың бірі – Қайыртай Мұхамеджанов.

«Өз кәсібінді ашу үшін маған осы курс керек. Екі күн ішінде көптеген жаңа нәрсеге қанықтым. Өзім пластикалық терезе дайындаумен айналысамын, болашақта мал шаруашылығын меңгергім келеді. Осы мақсатта білім алуға келдім», - дейді кәсіпкер.

Курстың тағы бір тыңдаушысы Ғабидолла Роселбайдың жұмысы қызмет көрсету саласында. Келешекте қызмет саласын өзгерткісі келеді. Оның ойынша, алған білімі тамақтану саласында бизнес ашу үшін керек.  Мұнымен қоса, ол мемлекеттің бизнесті қолдау бойынша бағдарламаларына ерекше қызығушылық танытып отыр. Ғабидолла Роселбай грант алуға өтінім бергісі келеді. Ал курсқа мұндай ықылас танытып отырғандар саны көп.

Жалпы, жылдың бірінші тоқсанында «Бизнес-Кеңесші» курсын 285 адам аяқтаған. Бүгінде тренингтер Көшетау мен облыстың бес ауданында өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер