«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үздіктерді анықтаған байқау

2017 жылғы 31 Наурыз
- Жетісу облысы
7944 просмотров

Талдықорғанда WorldSkills Kazakhstan байқауының өңірлік кезеңі аяқталды

Талдықорған сервис және технология колледжі мен Өндірістік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің базасында кәсіби шеберлікті анықтайтын екі күндік байқаудың тәжірибелік байқауы өтті. Дәнекерлеу технология, шаштараздық өнер, аспаздық іс, киім дизайны мен модельдеу біліктілігі бойынша 44 студент байқау тапсырмаларын орындады.

Жеңімпаздарды марапаттауға арналған салтанатты шарада Алматы облысының әкімі Жақсылық Омар кәсіби шеберлікті анықтайтын байқаулар жиі өткізіліп тұру керектігін және жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мән берду ерекше атап өтті.

«Алматы облысы ірі өңірлердің бірі, мұнда 70-тен аса кәсіби-техникалық колледждер жұмыс істейді. Бүгінде байқауға 44 студент қатысқан, егенмен біздің мүмкіндіктерімізді есепке алсақ, қатысушылар саны бұдан да болуы керек. Біз өзімізді республикалық және халықаралық чемпионаттарда көрсетуге және Қазақстанның ұлттық құрамасында біздің облысымыздың өкілдері көптеп болуына атсалысуымыз маңызды», ­– деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада өңірлік байқаудың сарапшылары чемпионатқа қатысқандардың барлығына сертификат табыстап, жүлделі орын иегерлерін марапаттады.

«Аспаздық іс» аталымы бойынша бас жүлдені Алматы облысы сервис және тамақтану саласындағы  инновациялық технологиялар колледжінің студенті Ерасыл Арғынбек иеленді. «Дәнекерлеу технологиясы» аталымында Бастөбе сервис-техникалық колледжінің студенті Игорь Ким үздік болса, Қапшағай қаласы көпсалалы колледждің студенті Гүлжан Қабиолла «Киім дизайны және модельдеу» аталымының бас жүлдесін алды. «Шаштараздық өнер» бойынша бірінші орын Талдықорған сервис және технология колледжінің студенті Мадина Баповаға берілді.

Өңірлік байқау чемпиондары WorldSkills Kazakhstan республикалық байқауына жолдама алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер