Тимур Құлыбаев: «Заңнамалар адал және ашық бизнес жүргізуге жағдай жасауы керек»
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы бизнесті қолдау мен дамытуда 2017 жылы шешілуі тиіс бірқатар мәселелерді атап өтті.
Тимур Құлыбаевтың айтуынша, кәсіпкерліктің түйіткілді мәселелері үнемі Үкіметпен бірлесіп шешіледі. «Бизнеске қатысты сұрақтар бойынша Үкімет басшылығы мен кәсіпкерлер арасындағы тікелей байланыстың орнығуы өте маңызды. Өздеріңіз байқағандай, бизнес ортаны жетілдіру бойынша негізгі мәселелер легімен ҚР Премьер-Министрі xабардар. Бұл Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі, орталық ведомствалар және құқық қорғау органдарымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орталық аппаратының күнделікті жүргізілетін тығыз жұмысының нәтижесі», – деді Төралқа Төрағасы.
Әрине, ең басты мәселелердің бірі – кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады. Төралқа Төрағасы бұл бағытта Бас прокуратура және орталық ведомствалармен үлкен жұмыс атқарылып жатқанын да тілге тиек етті. «Бүгін ҚР Премьер-Министрі Үкіметпен бірлесіп, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын азайту жөнінде бірлескен жұмыстың жүріп жатқанын растады. Жыл соңына дейін бұл үдеріс аяқталады деп үміттенеміз. Атқарылған жұмыстың қорытындысы заңнамадағы өзгерістерден көрініс таппақ. Мемлекет органдарының қолданыстағы 28 мың бақылау-қадағалау функцияның екіден үш бөлігінен астамын қысқартамыз деген ойдамыз. Мұның барлығы шенеуніктердің кәсіпкерлер қызметіне араласу мүмкіндіктерін азайтады. Заңнамаларға өзгерістер енгізу арқылы Қазақстанда тек ашық әрі адал бизнесті жүргізуге мүмкіндік жасау үшін жұмыс істейміз», – деді Тимур Құлыбаев.
Тимур Құлыбаев Өңірлік кеңесте қозғаған мәселелердің бірі – жекешелендіру тетіктеріне арналды. «Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін мемлекеттік меншіктің деңгейін 15%-ға жеткізу туралы тапсырма жүктеді. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің деңгейі және дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті. Бүгінде Үкімет, квазимемлекеттік сектор жекешелендіру бағдарламасына кірісіп кетті. Осы бағыт бойынша кәсіпкерлер тарапынан да кері байланысты күтеміз. Егер де жекешелендіру үдерісі қиындық туғызып, ашық өтпей жатса, сіздерден ұсыныстар күтеміз және бірінші кезекте қазақстандық бизнестің мүддесі үшін әрекет ететін боламыз. «Атамекен» жекешелендіру процесіне отандық бизнесмендердің араласуын қалайды. Оның ішінде Коммуналдық меншік те бар. Тікелей конкурстар мен сатудан басқа түрлі формаларды пайдалану қажет. Кейнгі сатуды көздейтін сенімгерлік басқару, бөліп төлеуге болатын сату, сонымен қатар, қазір қызу талқыланып жатқан МЖӘ жобаларын да осы қатарға жатқызуға болады. Бұл жобалар бірінші кезекте әлеуемттік және медицина саласында жүзеге асырылуы жөн. Мұның бәрі күн тәртібіндегі мәселелер. Әрине, бүгінде бизнес жекешелендіруге қызығып отырған жоқ. Байқап отырғанымыздай, әркім ағымдағы мәселелермен, несиелік салмақ пен күрделі экономикалық кезең ауыртпалығын өткеріп отыр. Дегенмен, бизнес-қоғамдастық өкілдерін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырамын. Бәріміз бірге жекешелендіруді жүзеге асыратын жаңа жолдар мен жаңа әдістерін іздеуіміз қажет», – деді ҰКП Төралқа Төрағасы.
Сауалдардың үшінші легі бойынша Тимур Құлыбаев назарын сұранысты төмендету және ықшамдау тұрғысынан сатып алулар мәселесіне аударды. «Мұнай бағасының күрт төмендеуі мен девальвациядан кейін іскерлік белсенділік төмендейді. Отандық кәсіпкерлерге мемлекеттік және квазимемлекеттік секторының сатып алулары қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Демпинг, отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша мәселе өңірлердің барлығына ортақ. Әкімдіктер, жер қойнауын өндірушілері сатып алуларды жүзеге асырғанда бірінші кезекте отандық кәсіпкерлердің мүддесін есепке алуы үшін біз өңірлік палаталардан ұсыныстар күтіп отырмыз. Бүгінгі көрмеде бізге Ақтөбе облысында шығарылатын өнімнің барлық тізімі көрсетілді. Ұсынуға болатын салалар бар, өңірдің басымдығы – құрылыста. Демек, жергілікті тауар өндірушілер сатып алуларға қамтылу үшін әкімдіктер мен жер қойнауын өндірушілердің сатып алуларында өңірге тән саламен айналысу қажет. Сатып алулар бәсекеге қабілетті болуы керек. Қолданыстағы өндірістердің жаңғыруын жүзеге асыру, өнімнің жаңа түрлерін игеру, бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы өз өңіріңе, басқа облыстардан басқа, ішкі нарықты ғана емес шетел нарығын бағындыру үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар жүйесі арқылы сатып алуларды қолднау жолдарын ойластыруымыз жөн», – деп түйіндеді Ұлттық палата басшысы.
Тимур Құлыбаевтың айтуынша, күн тәртібінде тұрған күрделі мәселелердің бірі – Салық кодексіне байлансты. Елбасы Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қолданыстағы Салық кодексін қайта қарауды тапсырған. «Тәжірибе көрсеткендей шағымдардың легі осы әкімшілік үдерсіке тиесілі. Шамадан көп тексерулер, төлемдердің өсімі, салық төлеушінің құқығын сот арқылы қорғау процедурасының тым ұзақтығы мен ҚҚС-қа қатысты сұрақтар – әкімшілік кедергілердің бір сыпырасы ғана. Соңғы жылдары бұл мәселелер жиналып, осал тұстарды айқындап отыр, оларды шешу бойынша Үкімтпен бірлесіп жұмыс жүргізіп отырмыз. Әкімшілік кедергілерді қалай қысқартуға болады? Салықтарды, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін оңай әрі түсінікті етеуге бола ма? Сондықтан бюджеттік кірістерді сақтай отырып, әкімшілік үдерісті қысқартуды көздеп, салықтарды анық әрі ашық етуді есепке ала отырып, Абылай Мырзахметов екеуміз Салық кодексінің мақсатты жобасын әзірлейміз деп келістік. Олардың әкімшіліктендіруі кәсіпкерлердің уақтын да адами әрі өаржы ресурстарын жоғалтуға соқтырмау керек», – деді ҰКП Төралқа Төрағасы.
Бұл мәселе бойынша өңірлік дирекция атына кәсіпкерлермен бірлесіп жасау, олардан салықтық әкімшілік кезінде туындаған ұсыныстарды, сондай-ақ салықтық әкімшілікті ықшамдау бойынша бизнес ұсыныстарын жинақтау тапсырмасы берілді. «Бірақ Салық кодексінде бар қазіргі сандарда тек біздің бюджетіміздің пайдасы үшін бізге салық органдарымен бірге жұмыс істеуді үйрену керек. Себебі бюджет әлеуметтік жобаларға, білім беру, денсаулық сақтау, тәртіп мәселелері жауап береді, сондықтан халықтың әлеуметтік ахуалының лайықты деңгейде болу үшін бұл біздің жауапкершілігімізде, оның ішінде бизнестің де. Бюджет бизнес кірісінің есебінен ғана емес, ең алдымен жер қойнауын пайдаланушылар түсімінен қалыптасады. Өзге елдермен салыстырғанда салық деңгейі, мысалы Ресейде ҚҚС 18%, өте қолайлы, Қазақстанда көрші елдерге қарағанда көп емес, бұл нақты. Ең бастысы, бұл кәсіпкерлердің бизнеспен айналысудағы ынтасын түсірмейді. Сіз бен біздің мақсатымыз – бизнес тарапынан мәселе тудырмайтын салықтық әкімшіліктің осындай механизмдерін реттеу. Салық төлесек, адал бизнесмен болып, еркін жұмыс істейміз», – деді Тимур Құлыбаев.
Сонымен қатар, «Атамекен» басшысы ауылдағы бизнесті қолдауға баса назар аударды. «Дағдарыс кезінде шағын және орта бизнес үшін өңірлік деңгейде өзара ықпалдастықтың маңызы зор. Әкімдік деңгейінде байланыс орнату жұмысы атқарылуы керек. Басқармаға бір жыл уақыт беремін, одан кейін барлық облыстарды аралап, Үкіметпен орнатылған байланысымыз секілді, екі жақты іс-қимылды әкімдермен бірге жасайтын боламыз. Бұл жерде біздің Өңірлік кеңес пен өңірлік дирекция әкімдіктермен құрылымдық негізде бірлесіп жұмыс істеуі керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
«2017 жылы халықты оқыту тапсырмасы қойылған, әсіресе ауылдық жердегі тұрғындар оқытылуы керек. Осы мақсатта бюджеттен сервистік қызмет көрсетуге қаражат бөлінді. Бұған дейін қаржыны «Атамекеннен» алып, бірнеше пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Ақтөбе облысында бұл жоба сәтті шықты, – деп жалғастырды «Атамекен» Төралқа басшысы. – Халықта бизнес-оқуға деген қажеттіліктің бар екенін аңғардық. Тағы бір келелі мәселе – микронесиелеу. Үкіметпен бірлесіп талқыладық. Тұрғындарға микронесие бөлу жобасының тиімділігін әкімдіктермен бірге жасау үшін «Атамекеннен» тиісті қаражат бөлінді. Ауылдық жерде жұмыспен қамту мен қаржыландыру мәселесін шешеміз, өңірлік палата бөлімшелері осы мәселені бақылауда ұстауы керек».
Тимур Құлыбаев өз инвестициясын салғысы келетін кәсіпкерлер үшін инвесторлық жобалар енгізілетін Өңірлік даму картасын жасау тапсырмасын орташа мерзімді басымдық қатарына қосты. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы пысықтап жатқан негізгі мәселелер тізбесін атай отырып, Төралақа Төрағасы Тимур Құлыбаев: «Бізге осы жобалар техникалық-экономикалық негіздемесімен, маркетингтік зерттеулермен, әрине, ісі жолға қойылған бизнестің қаржыландыруымен жасалғаны маңызды немесе өңір үшін әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жаңа жобалар, әкімдіктердің қаражаты болуы мүмкін. Облыс бойынша өз даму картасы секілді бірнеге ондаған жобалар керек. Сол дайын жобаларды «Атамекен», оның үстіне шетелдік әріптестерімен бірге сүйемелдейді», – деп қорытындылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: