Мемлекеттік орган жауап беруі тиіс
Ақмола облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бірқатар мәселелер көтерілді
Алайда, ең алдымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Валентина Геращенко атқарылған жұмыстың есебін берді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Палатаға 100 өтінім түскен, оныі 48-і оң шешімін тапқан, 30-ға жуығы қарастырылу үстінде. Сонымен қатар, оның айтуынша, ұзақ уақыттан бері шешімін таппаған мәселелер де бар. Солардың бірі «Степногорск Тазалық» ЖШС қатысты іс.
«Бүгінде серіктестік полигоны саудаға қойылғаны белгілі болды. Кәсіпкер электронды сауда арқылы «Степногорск Тазалық» кәсіпорнын сатып алған. Алайда, полигонды пайдалану құқығы туралы мәселе көтерілгенде әуре-сарсаң басталған. Мемлекеттік органдар бұл процестің барлығын әдейі созған. Енді кәсіпорынның миллиондаған қарызын айтпағанда, кәсіпкер ештеңесіз қалудың алдында тұр. Бұл мәселені прокуратура өкілдері бақылауға алуға уәде етті», – деп түсіндірді Валентина Геращенко.
«Юрченко» жеке кәсіпкерлігінің ісінде оң беталыс байқалады. Мұнда да жер мәселесіне қатысты. Алдыңғы жағдай секілді, бизнесмен бюрократтық тосқауылға тап болған. Кеңес отырысының барысында мемлекеттік органның екі қызметкері түйткілді істің орын алғаны үшін кінәлі деп танылып, тәртіптік жазаға тартылды. Енді кәсіпкер жер учаскесіне қайта өтініш беруі керек.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңнамалық өзгертулерге қатысты бастама көтерді. «Кәсіпкердің өтінімін дұрыс қарамаған шенеуніктің жауапкершілігін арттыру көзделген. Ол бойынша мемлекеттік орган қызметкерлері кәсіпкерлердің құқығын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Әкімшілік шара да, мүмліктік сипаттағы шараны да қолдану қарастырылған. Заңнамаға дәл осы өзгертулерді енгізгіміз келеді. Бүгінде осындай нормалар жоқ» , – деп атап өтті құқықтық бөлім басшысы Расул Сыздықов.
Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлердің өтінімдеріне селқостық танытуына тағы бір мысал келтіруге болады. Кеңес отырысына Қорғалжын ауданының «Әмина» ауылшаруашылық кооперативінің өкілдері қатысып, мән-жайды баяндады. Кооператив басшысы Абдулла Дәменовтің айтуынша, олардың жері заңсыз тартып алынған. Олардың өтінімдері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет тексеру жүргізген. Жасалған актіге сәйкес, әкімдік жерді заңсыз алған. Дегенмен, кәсіпкерлер қолдарында тиісті акті бола тұра, жерлерін қайтара алмай отыр. Кооператив меншігінде малдың шамамен 100 шақты басы бар, ал мал иелері күн жылығаннан кейін жайылым қалай болатынын түсінбей дал. Оның үстіне, сот шешімі ауыл шаруашылығы кооперативінің пайдасына шешілмеді. Кәсіпкерлер палатасы аталған шешімнің күшін жою үшін облыстық прокуратураға шағымданбақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: