«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сыртқы сауда процедураларын реттеу бойынша Комитет құрылмақ

2017 жылғы 30 Наурыз
2201 просмотров

Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингінде 190 елдің ішінде 51-орыннан 35-орынға көтерілді

Астанада ҚР Ұлттық экономика министрлігі GIZ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен бірлесіп «Сыртқы сауда бойынша процедураларын азайту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Қазақстан сыртқы сауда әлеуетіне арналған кеңейтілген отырысқа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан сыртқы палатасы» ЖШС, Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағы, ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығынің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Басқосудың мақсаты отандық бизнес-қоғамдастыққа Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс істеуі жағдайында Сыртқы сауда саласындағы жасалып жатқан жұмысын түсіндіру болып табылады.

Шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры Жәнел Кушукова ашып, көтеріліп отырған мәселелер Қазақстанның Дүниежүзілік банктің бәсекелстік юойынша рейтингі мен Doing Business рейтингіндегі деңгейін жоғарылатуға негізделгенін алға тартты. «Қолға алныған реформалар арқылы Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингінде 190 елдің ішінде 51-орыннан 35-орынға көтерілді, Халықаралық сауда индикаторы бойынша Қазақстан 128-ші орыннан 119-ға орынға көтерілді. Сонымен қатар сыртық сауда саласы дамудың басым бағыттарының бірі», – деді Жәнел Кушукова.

Отырстың модераторы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті директорының орынбасары Қанат Олжабаев Еуразиялық интеграциялық жобаның жүзеге асырылу кезеңдері бойынша ақпарат берді.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың 29 мамыр 2014 жылғы келісімшартына сәйкес Қазақстан ЕАЭС-қа мүше елдермен сыртқы сауда бойынша бірыңғай саясатты ұстанып отыр. Бұл интеграциялық қозғалыс 2010 жылы бастау алып, 2012 жылы Кедендік одақтан Бірыңғай экономикалық кеңістігі болып қалыптасуымен, 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ болып құрылуымен аяқталды.

«ЕАЭО-ның міндеті қандай? Тауарлар, қызмет көрсету, капиталдар, жұмыс күшінің бірыңғай нарықтарын қалыптастыру, кедендік заңнаманы үйлестіру, біріккен инфрақұрылымды қалыптастыру, экономиканың салаларында бір саясатты ұстану, демпинге қарсы тексеру жұмыстарын жүргізу болып табылады», – деді Қанат Олжабаев.

Сыртқы сауда жұмысын жетілдіру үшін кедендік бақылау жұмысы сәйкес әрі лайықты болуы керек деп санайды ҚР Қаржы минситрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Әмрин: «Осы бағытта біраз шаралар атқарылған.Сыртқы сауда процедуралары ең бірінші кедендік бақылаумен байланысты. Ешбір процедуралар бақылаусыз орындалмайды. Тәуекелдерді реттеу жүйесі тауар көлемін шектейді деп ойлаймыз. Біздің мақсат бақылауды дұрыс орнату, мүмкін бақылауды бизнеске беру керек шығар?».

Госман Әмриннің айтуынша негізгі мәселе ол бизнесмендерді санаттарға қалай жатқызамыз, қай кезде, қай жерде бақылау жұмысын көбейту керек, оның жолдары қандай деген мәселелер. «Бастысы сыртқы саудадағы әрекеттер экономикамызға кедергі жасамауы керек. Екінші мәселе, ол сыртқы нарықтағы салымшылардың көмегі. Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін алдына міндеттер қойылған. Мәселен сыртқы сауданы жақсарту ол енді жай жұмыс емес, нақты міндет болып саналады. Сондықтан қол қойылғаннан кейін Сыртқы сауда бойынша Ұлттық комитет құрылуы керек. Комитет құрамында кім кіре алады, тек қана мемлекеттік органдар ма, жоқ бизнес-қоғамдастық па, сол мәселе шешімін табу керек», – деді Госман Әмрин.

Әлемде мұндай комитет құрамы бойынша пікірлер екі жақты. Қазақстанға келген шетелдік сарапшылары комитет құрамында бизнес-қоғамдастықтың үлесі көп болу керек екенін алға тартады. Әдетте сыртқы сауда механизмдері қалай атқарылатынынан хабары бар шетел мамандарына құлақ түру керек.

GIZ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы бағдарламасының үйлестірушісі Нозигуль Хушвахтова 2017 жылдың 22 ақпанында ДСҰ Бас директоры Сауда процедураларын жеңілдету бойынша Протоколды ДСҰ-ға мүше елдердің көбі қарастырып бекіткені туралы айтқанын, нәтижесінде бұл құжат ресми түрде күшіне енгені туралы хабарлады. GIZ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы сыртқы өкілдері Қазақстанға сауда қатынастарын дамытуда өз көмегін ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетелік, 2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына 162-ел болып мүшелікке өтті

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, Сыртқы сауда бойынша Ұлттық комитет құру бойынша хабарландыру барлық мемлекеттік органдарға жіберілген, тиесілі жауаптар да алынған. Сол құжаттар негізінде келесі айда арнайы комиссия Комитет құрып, оған мүше органдарды тағайындайтын болады. Сыртқы сауда бойынша Ұлттық комитет отырысы тоқсан сайын өткізіліп, сыртқы нарықпен байланысты қалай орнату, жақсарту керек сынды өзекті мәселелері талқыға салынатын болады.

Шара барысында, сонымен қатар, кедендік әкімшілендіру, сыртқы сауда саясаты, техникалық реттеу мәселелері талқыланды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер