«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Bastau Бизнес» аудан тұрғындарын оқуға шақырады

2017 жылғы 30 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6238 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жоба қатысушыларын тіркеуді бастады

Осы орайда бағдарламаны түсiндiру мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлiмiнiң басшысы Гүлжан Әлиқызы, «Атамекен» микронесие ұйымыныың несие менеджерi Алтынгүл Наурызбайқызы сондай-ақ 1-дәрежедегі сарапшы Жарас Демеев Қарақия, Маңғыстау аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындарға «Bastau Бизнес» бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді. Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында «Bastau Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыстары жүргізіледі.

Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарында 1 сәуірден бастап «Bastau Бизнес» жобасы бойынша оқу курсы басталады. Курстың ұзақтығы бір ай және тегін. 

«Оқу курсына аталған аудандардың жұмыссыз, сондай-ақ кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады. «Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін қатысушыларға мемлекеттік бағдарлама аясында стипендия төленеді. «Bastau Бизнес» жобасының өзге бағдарламадан ерекшелігі – қатысушыларға оқу курсынан өткендігі туралы сертификат беріп қою ғана емес, соңғы нәтижесі – өз ісін ашуға қол жеткізу.

Сол үшін де жобаға қатысушылар оқу курсынан өтпес бұрын алдын ала тесттен өтеді. Бағдарламаға қатысып, өз ісін ашқан азаматтарға қойылатын жалғыз талап – жаңа жұмыс орнын ашу», – дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің бастығы Гүлжан Әлиқызы. 

Оқу курсы барысында бизнес-тренерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, саладағы заңнамалар, маркетингтік стратегия, салыққа қатысты мәліметтермен қамтитын болады. Мұнымен қоса, оқу курсы барысында өз ісін бастаушыны жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге, бизнес-жоспарларын әзірлеп беруге тегін көмек көрсетілетін болады. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының ережесіне сай оқу курсына қатысушылар одан әрі Ауыл шаруашылығын қолдау қоры мен Аграрлық-несие корпорациясы қаржыландыратын микроқаржы ұйымдары тарапынан берілетін несиеге қол жеткізе алады.

Осы орайда, «Bastau Бизнес» жобасына қатысқысы келетін Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарының тұрғындарын аталмыш аудандарда орналасқан Кәсіпкерлер палатасының филиалдарына тіркелуге шақырамыз.

Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасы мамандары осы салаға қатысты кез келген сауалға жауап беріп, құжаттарына қатысты жан-жақты қолдау көрсететіндігін жеткіземіз. Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7292) 30 40 40 (4711) байланыс телефонына хабарласып, Палатаның сарапшысы Жарас Демеуовтан кеңес алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер