«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ортопедиялық матрас өндірісі жолға қойылған

2017 жылғы 29 Наурыз
- Ақтөбе облысы
8671 просмотров

Басты ерекшелік – жоғары сапа мен жарамдылық мерзімінің ұзақтығы

Бүгінде кәсіпкерлердің көбі шетелден әкелінетін тауарға бәсекелес бола алатын тауар шығарып, отандық нарықта өз орындарын еншіледі. Бірнеше ай бұрын Ақтөбеде ортопедиялық матрастар өндірісі ашылды. Өндірушілердің айтуынша Made in Aktobe матрастары шетелдік өнімнен гөрі жоғары сапаға ие. «АкБрокер» ЖШС өткен жылдың желтоқсанында ашылды, цех іске қосылғаннан кейін штатқа 4 жұмысшы алынды.

Жұмысшылар матрас жасау өндірісінің барлық кезеңін орындап отыр. Айта кетелік, бір ортопедиялық матрасты әзірлеу үшін 1 сағат уақыт қажет.

«АкБрокер» ЖШС директоры Ержан Хусаиновтың айтуынша, тауар өндірісі тек тапсырыстар бойынша іске асады және өнім  өте сапалы шикізаттан жасалады. Матрастардың ресейлік және украиналық өнімнен гөрі жарамдылық мерзімі ұзақ.  

Компания басшылығы болашаққа сеніммен қарайды және ақтөбеліктердің Ақтөбеде жасалған сапалы өнімді бағалайтынына үмітті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер