«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талқылауға шақырамыз

2017 жылғы 29 Наурыз
5417 просмотров

«Құрылыс нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытынды беру үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс істері мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитет төрағасының «Құрылыс нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы келіп түсті.

Бұйрық жобасы келесідей құрылыс нормаларын қарастырады: «Тұрғылықты және көп пәтерлі ғимараттар», «Бір пәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік жүйесін жобалау», «Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй».

Сонымен қатар, құрылыс нормалары келесідей негізгі талаптарды бекітеді:

  • ғимараттың сенімділігі мен орнықтылығы бойынша;
  • өрт қауіпсіздігі бойынша;
  • пайдалануға берген уақытта адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша;
  • инженерлік жүйе мен жабдықтар;
  • тұрғындардың аз қамтылған тобы үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • энергия үнемдеу мен табиғи ресурстардың оңтайлы қолдану бойынша.

Құрылыс саласындағы субъектілер үшін құжаттың маңыздылығын ескере отырып, оны талқылау барысында белсенділікпен қатысуды сұраймыз.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс істері мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитет төрағасының «Құрылыс нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасының мәтінімен осында танысуға болады.

Бұйрық жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулерді a.dosanov@palata.kz электронды почтасына жолдауға немесе +7 7172 91 93 36 (Абильман Досанов) арқылы хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер