«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазинвестбанк» АҚ-тан несие алған, салым салған кәсіпкерлердің мәселелері бақылауда

2017 жылғы 29 Наурыз
6279 просмотров

Бұл банктің  активтері мен міндеттері өзге қаржы институтына өтеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазинвестбанк» АҚ-тың лицензиясынан айырылуына байланысты кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге атсалысып отыр. Жақында «Қазинвестбанк» АҚ лицензиясынан айырылды, осыған байлансты «Атамекен» ҰКП-ға кәсіпкерлерден мәселені шешу бойынша өтінімдер түсіп жатыр.

Түскен өтінімдер легін бірнеше сұрақтар бойынша бөлуге болады. Бірінші – банкке төленіп қойған несие бойынша кепілдікте тұрған мүлікті босату,  екінші – «Қазинвестбанк» акционерлік қоғамында салымдары бар кәсіпкерлерге салық төлеу мерзімін ұзарту, үшінші  өзара талаптарды есепке алу мүмкіндігі, төртінші – несиелер бойынша қызмет көрсету, бесінші – тез арада «Қазинвестбанк» акционерлік қоғамының міндетін басқа банкке өткізу. 

Қазіргі таңда 2 мәселе шешілді. 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарызын толық өтеген жағдайда қарыз беру үшін кепіл ретінде қызмет ететін мүлікті кепiл салушыға қайтару мүмкін екені туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ресми хат жеткізді. Бүгінде банктен мүлкін ала алмай жүрген бірқатар несие алушылардың өтінімі шешілді. 2. «Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндетттерін басқа қаржы институтына өткізу жұмыстары келісіліп, міндеттер берілетін банк таңдалып қойылғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен  ресми жауап берілді.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл мәселе бақылауда тұрғанын, «Қазинвестбанктің»  уақытша әкімшілігі және активтердің жаңа иесі болатын банкке міндеттерді беру жұмыстары жүйелі орындалып жатқанын хабарлады.  

Жалпы  ҚР Ұлттық Банкімен «Қазинвестбанктен» несие алған тұлғаларға жеңілдік жасау бойынша критерийлер әзірленген, несие алушылардың несие төлеу тәртібіне де мониторинг жасалған. «Қазинвестбанк» АҚ-тың активтері мен міндеттерін өзге қаржы институтына өткізу мәселесін ҚР экономикасын жаңғырту бойынша мемлекеттік комиссия құзыретіне өткізу туралы шешім қабылданған. «Қазинвестбанк» АҚ-тың  активтері мен міндеттерін өзге қаржы институтына өткен соң жоғарыда тізілген сұрақтар тез шешімін табады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер