«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда сатып алулар мәселесі талқыланды

2017 жылғы 28 Наурыз
- Алматы қаласы
8817 просмотров

Жүйе құратын кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтудың қатысу үлесі маңызды

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі және «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі» жүйе құратын кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтудың қатысу үлесі және сол компаниялардың ішкі нарыққа дайындайтын өнімнің (шикізат, жартылай дайын өнім) бағасын түсіру мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында шығарылатын өнімннің көлемін кеңейту үшін оффтейк-келісімшарттарын жасау мен қаржыландыру, тауар, жұмыс, қызмет көрсету жеткізіліміне жасалатын келісімшарттар бойынша алдын ала төлемдермен қамтамасыз ету, Шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс імтеуге қызығушылықтың төмен деңгейі, тауар, жұмыс, қызмет көрсету жеткізілімі бойынша төлем уақытының тым ұзақтығы сөз болды.  

 Ірі бизнеспен Алматы облысының машина жасау өнімін шығаратын компаниялары кездесті: «Келет» АҚ, «ЕЛКОС» ЖШС, «Талдықорған кабель зауыты» ЖШС, «АЗИЯ ЭЛЕКТРИКС» ЖШС, «СОЛО» ЖШС, «Ак кабель» ЖШС, «ТАУ сынақ-механикалық зауыты» ЖШС, «Zhersu Metal» АҚ, «Сайман корпорациясы» ЖШС, «Метакон» ЖШС, «РЭМ-КРАН»ЖШС,  «ҚҚАЗ-Қазақстан құбыр арматурасы зауыты», «ТЕХСНАБЭЛЕКТРИКС» ЖШС, «Энергетикалы компания» ЖШС, «Temir Metal» ЖШС, «ҚР Шағын металлургиясы» ЖШС, «Кайнар – АКБ» ЖШС, «Буран Бойлер» ЖШС.

Айта кетелік, «Евразийская Группа» ЖШС, «КазЦинк» ЖШС,  «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ сынды ірі компаниялар ҚР Инвестициялары және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  отандық кәсіпорындардың жаңа өнімдерді игеру бойынша өзара түсіністік туралы үш жақты келісімге отырды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Жүйе құратын кәсіпорындар мен отандық тауар өндірушілер ынтымақтастық туралы келісімдерге келді. Шара аяғында қатысушылар «Келет» АҚ пен «Сайман корпорациясы» ЖШС өндірісімен танысты.      

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер