Тапсырысқа қарай маман дайындалады
Ресей жоғары оқу орны қазақстандық кәсіпорындар үшін маман дайындауға ниетті
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында осындай бастамамен Урал мемлекеттік агроөнеркәсіп университеті шаруалық және фермерлік қожалықтардың басшыларымен кездесті. Тараптар Алматы облысы агроөнеркәсіп саласында маман дайындау бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.
Университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Татьяна Семенованың айтуынша, жоғары оқу орны жетісулық кәсіпкерлер мен жұмысшылар үшін сырттай және күндізгі оқу түрін ұсынады. «Біздің міндеміз сіздердің кәсіпорындарыңыз үшін жақсы маман дайындап, өңірден сауатты мамандардың кетуін тоқтату. БІздің ұсынысымызға бірінші болып Алматы облысы жауап қатты. Осы білім беру жобасы Қостанай, Қарағанды облыстарында да жүзеге асырмақ ойымыз бар. Азия және Африка елдерінде барлығы 700 студент білім алады», – деп атап өтті Татьяна Семенова.
Урал университеті талапкерлерге транспорттық-технологиялық машина және сервис, агротехнология және жерге орналастырушылық, ветеринариялық медицина және сараптама, сондай-ақ инженерлік және технологиялық факультеттерде білім алуды ұсынады. Мұнымен қоса, Урал мемлекеттік агроһнеркәсіп университетінің жанында Аграрлық колледж жұмыс істейді. Оқығысы келетіндер Қазақстан фермерлер одағының облыстың филиалына өтінім бере алады немесе тікелей ресейлік университетпен байланысуларына болады. Шетелдік студенттер үшін РФ Бірыңғай мемлекеттік емтиханының форматында арнайы емтихан қарастырылған.
«Қазақстандық студенттер емтиханды сәтті тапсырған жағдайда бюджеттік негізде оқуға түа түсе алады. Ақылы оқу бізде шамамен 200 мың теңге. Қашықтықтан оқыту формасын таңдай отырып, студент негізгі қызметін тастамай білім ала алады. Бірақ, жылына бір рет студент емтихан тапсыру үшін келуі керек. Ал өндірістік тәжірибе өңірде де, шет елде де өткізілмек», – деп түсіндірді оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Татьяна Семенова.
Ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдері барлық сала үшін агроөнеркәсіп кешеніне маман дайындау мәселесі өзекті болып отырғанын атап өтті. Мысалы, Алматы облысында бағша шаруашылығы, ветеринарлық қызмет үшін мамандар тапшылығы сезіліп отыр.
«Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенінің мамандарын тарту қиынға соғады. Сондықтан бізге студенттердің елге қайта келіп, өз еліміз бен өңіріміздің игілігіміз үшін жұмыс істегендері маңызды», – дейді Алматы облысы кәсіпкерлер патасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева.
Кездесу соңында Урал мемлекеттік агроөнеркәсіп университеті, орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының облыстың бөлімшесі, Қазақстан фермерлері одағының облыстық бөлімшесі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Еске салсақ, Урал мемлекеттік агроөнеркәсіп университетінің 77 жылдық тарихы бар және ол Екатеринбург қаласында орналасқан. 2015 жылы Ресей жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша 56 ауыл шаруашылық университетінің арасында 3-орынды иеленді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: