«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қорғаста отандық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті

2017 жылғы 27 Наурыз
- Жетісу облысы
10070 просмотров

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 23-26 наурыз аралығында Алматы облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілді

Шараға 40-тан астам кәсіпкер қатысты. Жетісу өңірінің бизнесмендері Қытай туристері мен Қазақстан азаматтарына ет, сүт, кондитер өнімдері мен ұн, бал, сусындар және ұлттық өнімдерді ұсынды.  

Мәселен, жәрмеңкеге келген қонақтар «Сырат» ЖШС өнімдеріне қатты қызығушылық танытты. Бұл компания адамзаттың денсаулығына өте пайдалы инновациялық өнім – биогенді (құрылымдық) минералды су өндіреді.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы мәліметі бойынша жәрмеңкеге түске дейін 6500 турист қатысқан. Сонымен қатар «Қорғас» шекара бақылауында 2-миллионыншы туристі тіркеген. Ол азаматшаның аты, ОҚО кәсіпкері – Салтанат Жүсіпова.  

Қорғас басшылығының айтуынша соңғы уақытта қазақстандық туристердің саны күрт өскен, өйткені 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап бұл аймаққа жеке куәлікпен кіру рұқсат етілген. Күн сайын «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығына орта есеппен 2500-3000 адам келеді екен. Болжам бойынша 2017 жылы қазақстандық туристердің саны 850 мың адамды құрамақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер