«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға көмек пен мемлекеттік қолдау көрсетілді

2017 жылғы 24 Наурыз
- Павлодар облысы
8611 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының көмегімен ақтоғайлық фермерлер ауыл шаруашылығы техникасын алды

Әрбір ауыл шаруашылығын өндірушіде ерте ме, кеш пе мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану қажеттілігі туындайтыны рас. Міне, Ақтоғай ауданындағы «Рамазан» және «Керей» шаруа қожалығының басшылары механикалық көмекшілерді алуға шешім қабылдаған. «Басында қажетті техниканы өзім алайын дегем, алайда бұл оңай емес екен, – деп мойындады шаруа қожалығының басшысы Қайрат Рамазанов, – оның үстіне, қажетті құжаттарды жинауға шаруалардың уақыты да жоқ», – деп сөзін жалғады ол.

Осындай мәселе Нұрболат Құсайынов есімді тағы бір шаруада туындаған. Оған Кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімшесі жәрдемдескен. Мұнда ауыл тұрғындарына ауылшаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсететін қолданыстағы бағдарламалар бойынша кеңес берілді. Одан кейін мамандар техника алу үшін нағұрлым тиімді бағдарламаны таңдады, атап айтқанда әрқайсысына мөлшерлемесі 8,5% болатын 5,3 млн теңге сомасына «Сары Арқа» бағдарламасы алынды.

Филиал қызметкерлері бұл жобаларды жүзеге асыру үшін толық сүйемелдеуді өз қолдарына алды. Құжат жинауға көмек көрсетіліп, қаржы институтымен тікелей байланыс орнатылды. Екінші деңгейлі банктен оң шешім шығарылғаннан кейін құжаттар Өңірлік консультативтік кеңеске жолданып, ол жақтан да жобаны мақұлдаған жауап алынды.  

Палатаның қолдауы арқасында «Рамазан» және «Керей» шаруа қожалықтарының басшылары МТЗ-80 тракторын алды. «Біздің шаруашылығымыз енді-енді жұмыс істеп келеді, 2015 жылы құрылды. Мал шаруашылығымен айналысамыз, әрине, жаңа техника дер кезінде алдынды. Палатаның Ақтоғайдағы бөлімшесі баға жетпес көмек көрсетті, кеңесшілер құжат жинау мен ресімдеудегі барлық жұмысты өз мойындарына алды. Себебі шаруашылықтан көз жазбау керек, ал құжат жинау уақытты талап етеді. Осындай көмекті сезінгеннен кейін, өндірісті кеңейтуге құлшыныс арта түседі», – деп ой бөлісті «Керей» шаруа қожалығының басшысы Нұрболат Құсайынов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер