«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес үшін өндірістік қауіпсіздік мәселесі жөнінде

2017 жылғы 24 Наурыз
- Ақтөбе облысы
8821 просмотров

Кәсіпкерлер өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заң қайшылықтарын жоюды сұрап отыр

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Индустриалдық даму комитетінің Өндірістік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған жиын өтті. Оған қатысушылар мамандарды дайындау мен аттестациялаудан өткізу, кәсіпорындарынды тексеру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бизнес субъбектілерінің өнеркәсіп қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Нәтижесінде Департамент пен Кәсіпкерлер палатасының ынтымақтастығы жөнінде екі жақты меморандумға қол қойылды.

Кәсіпкерлер бірауыздан кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен міндетті келісімшарт жасау талабын алып тастауды сұрады. Себебі, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағында «кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен міндетті келісімшарттың болу» талабы жоқ. Индустриалдық даму департаментінің Өндірістік қауіпсіздік департаменті тексеру нәтижелері туралы актілерде және ұйғарымда «кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен міндетті келісімшарты жоқтығын» бұзушылық ретінде көрсетеді.

Сонымен қатар, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Индуриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетіне ведомстволық бағынышты мекеме болып табылады. Өңірдегі бизнес өкілдері Индустриалық даму комитетінің территориялық департаменттері кәсіпкерлерге тексеру парағында бекітілмеген талаптарды қойып, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын бұзады деген қорытынды шығарылатындығын алға тартты.  

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов кәсіпкерлерден қысқа мерзім ішінде осы мәселеге қатысты пікір берулерін сұрады. Сарапшылар мәселені жиынтықтап, жоғары деңгейде көтеруге көмектеседі. Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының салапшысы Нұрлан Махамбетовтің айтуынша, осы мәселеге қатысты пікірталас былтырғы жылдан бері жалғасып келеді. Палата Комитет пен оның бөлімшелерінің тексеру қағазында бекітілмеген талаптарды қою бойынша іс-қимылына құқықтық баға беру қажеттілігі туралы, сондай-ақ заң бұзушылықты тоқтату бойынша прокурорлық қадағалау шараларын қолдану туралы арыз-шағымды ҚР Бас прокуратурасына жолдаған. Қазіргі таңда қателіктерді жоюға қатысты жұмыстар жалғасын тауып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер