«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа форматтағы «Бизнес-Кеңесші»

2017 жылғы 24 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9088 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мәмлүт ауданындағы филиалында «Бизнес-Кеңесші» курсы өзгеше өтті

Кәсіпкерлік негіздері сабақтарымен қоса тыңдаушылар бақылаушы ограндар өкілдерінен кеңес ала алды. Мұндай кеңес беру ауданда алғашқы рет өткізіліп жатыр. Тыңдаушылардың өтінімдері бойынша аталмыш курстарға табсты бизнесмендермен қоса білікті шенеунітер де шақырылды.

Әдетте оқу курстардан кейін қатысушыларда көптеген сұрақтар туындайды, сауалдарға толымды жауапты құзыретті орган өкілдері бергені нағыз тәжірибе. Тындаушыларға ұйымдастырылған кездесуге Кәсіпкерлер құқығын қоргау басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Тқтенше жағдайлар бөлімшесі өкілдері қатысты.

Тыңдаушылардың кәсіби мамандарға қойятын сұрақтар тізімі үлкен болды. Болашақ кәсіпкерлер жеке кәсіпкерлерді қалай тіркеу керек, қандай салық режимін таңдаған дұрыс, есепті қалай жүргізген жөн сынды мәселер қызықтырып, сонымен қатар Салық кодексіндегі өзгерістер жайлы сауалдар қойды.  

Бұл сауалдарға Мемлекеттік кірістер басқармасы жергілікті бөлім бастығы Наталья Тихонова жауап берді. Маманның айтуынша Салық кодексібойынша жеке кәсіпкер болып тіркелу процедурасы оңтайландырылған. Маман есеп жасаудың қолдансытағы формалары, оларды қалай толтыру керек, және атқарылған жұмыс бойынша есептерді уақытнда өткізбеу үшін қандай жауапкершілік жүктелетіні айтып берді.

 Ал «Бизнес-Кеңесші» курсын оқуға талпынған, білімін шындамақ болған өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер жаңа кәсіп ашу туралы сауалдар қойды. Оларға мал шаруашылығымен айналысу үшін қандай нормативтерді ұстану қажет, шаштараз ашу үшін санитарлы нормалар мен эпидемиологиялық талаптар бойынша кеңес берілді.

Биыл «Бизнес-Кеңесші» бойынша 32 тыңдаушы білім алып, сертификаттарын иеленді. Қатысушылардың айтуынша сабақ берудің жаңа форматы олардың көңілдерінен шаққан. Өйткені олар нақты мәселеге толымды жауап алған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер