«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы басталды

2017 жылғы 23 Наурыз
5987 просмотров

Бүгін Астананың Тәуелсіздік сарайында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтің Қазақстанға ресми іссапары аясында Астанада Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы басталды.

Бизнес форумда қазақстандық және өзбекстандық кәсіпкерлердің қатысуымен B2B форматында келіссөздер ұйымдастырылып, Өзбекстанның өнеркәсіптік және тұтыну тауарларының көрмесі өткізіліп жатыр. Өзбек тауарларының көрмесіне жеңіл өнеркәсіп, машына жасау, азық-түлік тауарларының өндірісі, құрылыс және т.б. салаларындағы 100-ден астам өзбек компанияларының тауарлары ұсынылып отыр. 

 Форумға қатысушылар саны 500-ден астам болды, оның ішінде 150-ден астам өзбекстандық кәсіпкер бар.

Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы аясында жалпы сомасы 97 млн АҚШ доллар  шамасында 10 құжатқа (20 млн АҚШ доллары сомасында инвестициялық жоба, экспорттық-сауда саласында тоғыз құжат) қол қою рәсімі өтеді. Нәтижесінде екі ел кәсіпкерлері жалпы сомасы 840 млн АҚШ долларды құрайтын 92 құжатқа қол қойылады.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер