Әлеуметтік салаға нақты сараптама жүргізілуі керек
Еңбек нарығын жаңғырту бағыттарын айқындау маңызды
«Атамекен» ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің отырысы өтті. Жиында Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018–2020 жылдарға арналған Бас келісім жобасын дайындау, еңбек нарығын жаңғыртудың стратегиялық бағыттары, сондай-ақ әлеуметтік, білім, жұмыспен қамту саласының мәселелері талқыланды.
«Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов Елбасының халыққа арналған Жолдауындағы стратегиялық басымдықтарға тоқталып, модернизациялаудағы адами капиталды дамыту, білікті маман дайындау рөлінің маңызды екенін атап өтті.
«Адами капиталды дамытпай, сапалы білім беруді қалыптастырмай жаһандық модернизациялау жүзеге асырылмайды. Бізде мектеп, кәсіптік техникалық білім беру мен жоғары оқу орындарының арасында үлкен алшақтық бар. Корпоративті білім беру мәселесі, ғылыми зерттеулердің инновациясын коммерциялау мәселесі шешілмеді. Салалық қауымдастықтар бітірушілердің біліктілігіне назар аударатын уақыты жетті. Себебі қазіргі күні жұмысты Ұлттық палата сарапшылары ғана жүргізіп келеді. Ал бізге әрбір салаға қандай мамандар қажеттілігі туралы салалық мамандардың пікірі керек», – деп Талғат Доскенов білім беру саласында қордаланған мәселелерді көтерді.
Жиында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев әлеуметтік салада нақты сараптамалық мәліметтерді жоқтығы туралы үлкен мәселе көтерді. «Өңірлердегі ахуал қандай екенін көрсететін ақпарат нақты болу керек. Экономикадағы қиыншылықтар, жұмыстағы қысқартулар орын алып отырғанымен, келіп түсетін мәліметтер оны байқатпайды. Дегенмен, бұл мәліметтер сенім тудырмайды. Дұрыс әрі нақты сараптама жүргізілмей қандайда бір шешім қабылдау қиын», – деді Эльдар Жұмағазиев.
Сонымен қатар, Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Әлеуметтік саланың сабақтас тармақтарындағы түйткілді мәселелерді анықтап, оны шешудің нақты жолдары жүзеге асыру мен өндірістік саланы автоматтандыру, бизнестік әлеуметтік міндеттемелері, бәсекеге қабілеттілігі тақырыптарын қозғады.
«Бизнес – қоғамда жаңа жұмыс орнын қалыптастыратын сала. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018–2020 жылдарға арналған Бас келісім жобасын дайындау өте маңызды. Жобаға қатысты ескертулер мен ұсыныстарымыз бар. Оны бизнеспен талқылап енгізетін боламыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.
Республикалық деңгейде әлеуметтік серіктестік Республикалық үшжақты комиссия алаңында әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу бойынша тараптардың өзара ықпалдастық формасымен қамтамасыз етеді, ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері республика – сала – өңір деңгейінде жұмыс берішулердің уәкілетті өкілі болып табылады.
Тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім мемлекеттік деңгейдегі негізгі құжат болып табылады. Ең алдымен – бұл қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық және мүдделері мен еңбек мәселелерінің өзара құрылымдық әрекетіне, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға арналған негіз.
Басқосуда 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімнің мазмұны «Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламасы мен Бес институционалдық реформа бағытталған Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басымдықтарды ескере отырып жасалуы керектігі айтылды.
Мұнымен қоса, «Нұр»Көз жанарының қабілетіне байланысты тұлғалардың әлеуметтік және еңбектік оңалту» қауымдастығының президенті Шыңғыс Зайыргелдіұлы, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешенінің Қазақстандың қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ақмурзина, ҚР колледждер қауымдастығының төрағасы Мәнен Омаров, «Сауап» жобалық-сараптамалық орталығының бас директоры Муслим Хасенов еңбек нарығы, маман дайындау, өндіріс орындарында тәлімгерлік мәселелерін көтеріп, пікір білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: