«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығының IFN форумы өтті

2017 жылғы 14 Наурыз
1851 просмотров

Қазақстан Ислам қаржы индустриясының ТМД елдері нарығына енуіне мүмкіндік жасайды

«Астана» халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) мен REDmoney Group ұйымдастыруымен Елордада IFN ТМД форумы өткізілді. Форумға Ислам мемлекеттерінің делегациялары мен Ислам қаржы саласының басшылары және Қазақастан Республикасының қаржы саласының мамандары, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Катар Ұлттық банкі төрағасы Шейх Абдулла бин Сауд әл-Тани, Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам корпорациясы бас директоры Халед Әл Абуди, Катар Қаржылық орталығының төрағасы Майкл Райан, Қазақстан Даму банкі төрағасы Болат Жәмішев, Қырғыз Қор биржасы Басқарма төрағасы Абдуталип Сұлтанов, Masfar Al Rayan Директорлары кеңесінің төрағасы Хуссеин Әли әл Абдулла, Ресей Банкі төрағасы кеңесшісі Алексей Симоновский, сондай-ақ, Татарстан Республикасы инвестициялық даму агенттігі, Ислам банктері өкілдері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – ТМД елдеріндегі исламдық қаржыландырудың дамуына, аймақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеуге ықпал ету, сонымен қатар қатысушыларға өзара байланыс құрып, серіктестік қарым-қатынастарды бекітуге мүмкіндік беру. Аталмыш алаң, сөзсіз, ТМД мен Ислам әлемінің арасындағы байланысты нығайтып, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттері арасындағы басымдығы жоғары екенін дәлелдей түспек.

Енді отандық нарыққа Ислам қаржыландыруының барлық мүмкіндіктері іске асып, жергілікті банк, қаржы салаларына бәсекелестік қуаты өсіп, сапа артады. Ислам қаржыландыруы бұл үлкен индустрия, сондықтан араб мемлекетінің қаржы саласы бізге үлкен тәжірибе болмақ.

Ислам қаржыландыруының жаңа мүмкіндіктерін ашатын форумда АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады: «Астанада өтіп жатқан бұл форум Ислам қаржыландыруының дамуына және біздің өңірге жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік жасайды. Қазақстанның бұл нарықты дамытуда әлеуеті зор. Осы үдеріске үлес қосып жатқан ұйымдастырушыларға сәттілік тілеймін».

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ТМД кеңістігінде Ислам қаржысы саласында қарқынды заңнамасына бейімделген бірден-бір мемлекет. Сондықтан Қазақстанның бірегейлігі Ислам қаржыландыруды Басқа достастық елдерге таратуға мүмкіндік беретін катализаторға айналуға мүмкіндік беріп отыр. Thomson Reuters Growth Markets Investment Outlook report есебіне сәйкес 2015 жылы Ислам қаржыландыру индустриясы үшін қолайлылығы жағынан Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 57 мемлекет ішінде Қазақстан 5-орынға ие болды. Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымына 1995 жылдан бастап мүше, сондай-ақ ҚР 2011 жылы аталған беделді ұйымға төрағалық еткен.

«2009 жыл Қазақстан нарығына Ислам қаржыландыру нарыққа кіргізу үшін заңнамаларды өзгертіп, бейімдедік, сөйтіп ислам қозғалысына жағдай жасалды. Осы 7 жыл ішіндегі дамуды бағалайтын болсақ, Ислам банкингі дамуының баяу жүріп жатқанын айту керек. Біріншіден, Ислам банкингі өзіне тән ерекшелігі бар, оның қаржы құралы борыш үлестік қаржыландыру, төлем агенттік қызмет көрсетуге негізделген. Бұл класификацияда кәдімгі банкинг үшін ерекше ештеңе жоқ. Ислам банкингі бұл дәстүрлі лизинг, қаржы лизингі емес бұл кәдімгі жалға беру. Ал несиелеуде шариғат бойынша ешқандай пайыздық мөлшерлеме жоқ, бас пайда саудалық баға өсіруде. Қазақстан зайырлы мемлекет сондықтан, менің ойымша, Ислам қаржы инститтары құралдары дәстүрлі ислам мемелкеттеріне қолданатын құралдардан сәл өзгеше болуы шарт. Сонда ғана ислам қаржыландыру осы кеңістікте дамитын болады. Әлем қаржы жүйесі жаңа стандарттарға көшпек, бұл өзгерістер де Ислам банкингінде ескерілсе жақсы болар еді. Сондай-ақ, Ислам қаржы құралдарын лизингтік компанияларға лицензиясын беру мүкіндігі бар», – деді Болат Жәмішев.

 Ислам қаржыландыруы Ресейге Сбербанк арқылы енуді жоспарлап отыр. Ресей – мұсылман халқы көп, ірі нарық. Ислам мемлекеттері тарапына жаңа эко-жүйе өте қызықты. Ресей тарапынан Ислам тарапы Орталық банктен қолдау тапты. Осы бағытта Татарстан Республикасы өз мүмкіндігін ұсынып отыр. «Ресей Федерациясының 75 өңірінен Ислам қаржыландыруды алғашқы болып енгізбекпіз. Бұл біз үшін мақтаныш. 2000 жылдардан бастап ұзақ келіссөздер, зерттеулер жасалды. Бізге бұл тәжірибе маңызды», – деп атап өтті Татарстан Республикасының инвестициялық даму агенттігінің өкілі Марина Епифанцева.

Форум «ТМД-да Ислам қаржысын дамытудағы әкімшілік кедергілер», «Ішкі ивестициялар: ауыл шаруашылығынан инфрақұрылымдық жобаларға дейін», «Ислам қаржыландыруы алғышарттарына сәйкес капиталды тарту арқылы аймақтық дамуға ықпал ету», «Ислам нарығы капиталының ТМД кеңістігінде дамуы» атты сессиялар, Аймақтық қаржылық реттеушілер кездесуі және «Сукук – активтердің балама түрі» атты семинар өтті.

Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың негізгі мақсаты индустриялдық даму жоспарларын жүзеге асыру үшін сыртқы ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту қажеттігі, инвестициялық ағындарды әртараптандыру, сондай-ақ халыққа қаржыландырудың балама көздерін ұсыну болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер