Ислам қаржыландыруды дамыту саласында ынтымақтастыққа қол қойылды
Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам корпорациясы мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өзара ынтымақтастығы меморандумына қол қойылды
Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам корпорациясы (ICD) бас атқарушы директоры, Бас директоры Халед Әл Абуди мен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Басқарма төрағасы Юлия Якупбаева екі ұйым атынан ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды.
Екі елдің қаржы инститтарының байланыстыратын бұл келісім Астанада өтіп жатқан IFN ТМД Форумы аясында жасалды. Аталмыш халықаралаық деңгейдегі форум Ислам қаржыландыру индустриясының ТМД кеңістігіне таратылуына негіз болып отыр.
Айта кетелік, бүгінде Қазақстан Республикасы ТМД кеңістігінде Ислам қаржысы саласын енгізу үшін заңнамасын барынша бейімдеген бірден бір мемлекет. Сондықтан Қазақстанның бірегейлігі Ислам қаржыландыруды ТМД елдері нарығына енуіне мүмкіндік беретін, тәжірибесі мол катализаторға айналып отыр.
Халед Әл Абуди мырза білім алмасу, Ислам қаржыландыруға мүше елдері арасындағы қаржыландыруға төзімді қолжетімділікті қамтамасыз етуде аталмыш меморандумның маңызын атап өтті. «Ислам қаржы индустриясының дамуына үлес қосу біздің басым бағыттарымыздың бірі. Инновациялық, сенімді әрі бесекеге төзімді қаржылық жүйелерді ұлттық және өңірлік деңгейде дамыту мақсатында Қазақстанның мәселелерін шешуге бағытталған бұл жұмыстардың жалғасын асыға күтеміз», – деді Халед Әл Абуди.
Исламдық қаржы институты Қазақстан нарығына 2010 жылы енгізілген болатын. Осыған байланысты шетел иснтитутының отандық экономика кеңістігіне кіруі үшін 2008 жылдан бастап ҚР заңнамасына өзгертулер енгізілген. Ислам қаржыландыру институтының Қазақстандағы қозғалысына 7 жыл толды, бұл өте аз мерзім. Енді форум аясында дамудың жаңа кезеңі қолға алынатын болады.
Өз кезегінде Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Басқарма төрағасы Юлия Якупбаева бұл бастаманы қолдайтынын атап өтті: «Ынтымақтастық туралы меморандум Ислам қаржы индустриясы өңірлерде өзіне мүше елдерімен қарым-қатынасты жақсартуда жақсы алаң болмақ. Екі континеттің ұйымдары арасында ақпарат, білім алмасуды жоғарылату маңызды. Отандық нарықта Ислам қаржылары туралы ақпарат та, білім де қызықты».
Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам корпорациясы мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ынтымақтастығы Ислам қаржы институтының дамуына өз үлесін қосады. Екі тарап Қазақстанның қаржы институттары қолдауымен Қазақстандағы Ислам қаржыландырудың дамуының жаңа жолдарын зерттейтін болады.
Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл үдерсіке бизнес тұрғысынан зерттеу жасап, жергілікті кәсіпкерлер үшін қаржы институттары ұсынған мүмкіндіктерін зерделейді. Осы келісім аясында Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам корпорациясы мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының арасында ақпарат, тәжірибе алмасу қарастырылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: