«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экономика мәселелерін сарапшылар қадағалайды

2017 жылғы 13 Наурыз
6691 просмотров

Еліміздің үздік сарапшылары экономикалық белсенділіктің даму жолдарын қарастырады 

Сарапшылардың алғашқы ашық алаңында жаңа жағдайдағы экономиканың жаңғыруының болашақ қадамдарын талқыланатын болады.

Қазақстан Республикасының экономикасы жөніндегі сарапшылар кеңесі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2016 жылдың 6 желтоқсанындағы жарлығымен бекітілген. Бұл ­– экономика саласын дамыту жолындағы ақыл-кеңестер мен ұсыныстарды сүзгіден өткізіп, қорыту мақсатында құрылған кеңесші орган.

ҚР экономикасы жөніндегі сарапшылар кеңесі құрамы қоғамның түрлі саласында қызмет ететін, айтатын ойы мен өзіндік орны бар тұлғалардан жасақталған. Кеңес құрамында Елдар Әбдіразақов, Жарас Ахметов, Әнуар Боранбаев, Ерболат Досаев,  Жаннат Ертілесова, Ораз Жандосов,  Қайрат Келімбетов, Ерлан Қарин, Жақсылық Құлекеев, Абылай Мырзахметов, Меруерт Махмұтова, Сержан Мәдиев, Олжас Худайбергенов, Үміт Шаяхметова, Әсет Игралиев бар.

ҚР экономикасы жөніндегі сарапшылар кеңесінің атқарар қызметі жан-жақты болмақ. Даму қарқыны жақсы кез келген салада мемлекеттің бақылауынан өзге, алқалы топтар мен кеңестердің орны екерше. Экономикада орын алған мәселелерді дер кезінде шешіп, халықтың мұң-мұқтажын назарда ұстап, өз ұсыныстарын ортаға салатын, ой елегінен өткізіп, шешу жолдарын талқылайтын ел ағаларының үлесі маңызды.

Сарапшылар кеңесі ең өзекті мәселерді талқылау үшін айына бір рет бас қосады. Биылғы жылдың наурызы айына сәйкес Кеңестің 3 отырысы өткізілді. Онда денсаулық сақтау, банк жүйесі және экономиканың негізгі салаларының бәсекеге төзімділігі, мемлекеттік өңірлік саясаты  бойынша мәселелер талқыланды. Аталған бағыттар бойынша сарапшылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіреді. Талқылаулардың қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі құзіретті мемлкеттік органдарға сарапшылармен бірлесіп, айталған ұсыныстарға тереңірек зерттеу жүргізіп, келесі жиынға толымды нәтиже шығаруды тапсырады. 

Алдағы уақытта бұл кеңестің жұмысы туралы ақпарат «Атамекен» ҰКП сайтында және Қазақстан экономистер қауымдастығы сайтында http://www.economist.kz/ тұрақты түрде жарияланады. Кеңестің жұмысы қоғамға ашық түрде көрсетіледі. Кеңес тұралы толық ақпаратты «Атамекен» ҰКП сайтында: ҚР экономикасы жөніндегі сарапшылар кеңесі парақшасынан білуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер