«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аудиторлық қызметтің өзін-өзі реттеуі

2017 жылғы 10 Наурыз
6457 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелікке негізделген аудиторлық қызметтің өзін-өзі реттеуін енгізу мәселелерінде реттегіш ықпал етудің балама сараптамасы жөніндегі қоғамдық талқылау өткізу туралы хабарлайды.

Реттегіш ықпал етудің балама сараптамасы міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу келешекте аудиторлық қызметті реттеудің ең тиімді тәсілі екенін көрсетті.

Өзін-өзі реттеу институтын енгізудің бірнеше артықшылықтары бар:

- мемлекеттік рұқсат беру құралын кәсіби қоғамдастыққа қызметін бөліп беру арқылы қысқартылады;

- өзін-өзі реттейтін ұйымдардың көптігінің есебінен кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін және олардың қызметін мемлекетпен және аудиторлық қызмет тұтынушыларымен бағалауды арттыру. Өзін-өзі реттеу ұйымы жыл сайын аудиттен өтуі керек, сондай-ақ өзін-өзі реттеу ұйымының атқарушы органы әрбір 3 жыл сайын ауысады.

- өзін-өзі реттеу ұйымының қызметі бағалауда бәсекеге қабілеттіліктің негізгі эелементі ретінде рейтингтік жүйені енгізу, сондай-ақ өзін-өзі реттеу ұйымының қызмет тұтынушылармен өзара байланысын күшейту (беделінің деңгейіне өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің атына түсетін шағымы, өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстың жауапкершілікке тартылғаны, өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің біліктілік талаптарын сақтауы, өзін-өзі реттеу ұйымын тексеру саны мен тексеру нәтижесі және т.б. әсер етеді).

- өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің мүліктік жауапкершілігін енгізу есебінен азаматтық-процессуалдық тәртібінде қарастырылған жауапкершілікпен қатар сотқа дейінгі реттеу институтын дамыту;

- стандарттау мәселелерін жетілдіру. Халықаралық стандарттарға сапалы өту. Өзін-өзі реттеу ұйымы стандарттар мен ережелерді ҚР Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрілігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен міндетті түрде келісім жасайды;

- бақылау мен қадағалаудың тиімді механизмі. Жосықсыз аудиторлармен тиімді күрес. Жоғары жауапкершілік ­– бұл кәсіби қызметті жүзеге асыруға тыйым салу ретінде өзін-өзі реттеу ұйымынан шығару. Мұнымен қоса өзін-өзі реттеу ұйымына сапасыз жұмысы үшін оған қатысты жауапкершілікке тарту шараларын қолданумен (ескерту, өзін-өзі реттеу ұйымының лауазымдың құрамын қайта сайлау туралы нұсқама, өзін-өзі реттеу ұйымы реестрінен тоқтату, шығару, лицензиялауға қайтару туралы АРВ бастамашылық ету) мемлекеттік бақылау күшейтіледі.

«Атамекен» ҰКП ұсынып отырған аудиторлық қызметтің өзін-өзі реттеу ұйымы үлгісімен мына жерден танысуға болады.

Ұсынылып отырған үлгісіне қатысты өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді 13.03.2017ж. дейін a.turezhanov@palata.kz электронды адресіне жолдауларыңызға болады немесе +7 7172 91 93 55 (Айдын Төрежанов) нөміріне хабарласыңыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер