Көліктің «SOS» түймесімен жабдықталуы ЕАЭО аясында қолға алынған жаңашылдық
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап М және N санаттағы қолданысқа шығарылған көлңк құралдары жедел тойтару қызметін шақыру құралымен жабдықталуы қажет
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен Ұлттық ғарыш орталығында кәсіпкерлер және олардың тасымалдау (жолаушы және жүк тасымалы), өндіріс, сату, көлік құралдарын кіргізу және сәйкестікке тексеру салаларында қызмет ететін бірлестіктері қатысуымен семинар өткізілді.
Аталған басқосуға Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті шеңберіндегі жаңашылдық себеп болды. Енді осы құжатқа сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап М және N санаттағы қолданысқа шығарылатын көлік құралдары (жолаушы және жүк) жедел тойтару қызметін шақыру құралымен (жүйесімен) жабдықталуы қажет. Бұл тізімге мақұлдаудан өткен және ЕАЭО территориясында қолданыстағы көлік құралдары жатпайды.
Қазақстан талаптарына аталған норманың жаңашылдығын ескере отырып, бизнес-қоғамдастықта техникалық регламентке сәйкес апат жағдайында «ЭВАК» жедел шақыру жүйесін енгізу және қолдану, құрылғыны енгізуді бақылау, ол тетікті орнатпағандарға қандай жауапкершілік артылады, құралдардың нарықта сатылымда болуы, құралдарды көліктерге орнату әдістері және т.б. қатысты сауалдары болды.
«Атамекен» ҰКП бастамасын ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Еуразиялық экономикалық комиссия қолдады, шараға олардың делегацияларын ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин және Еуразиялық экономикалық комиссиясы техникалық реттеу мен аккредиттеу департаментінің директоры Арман Шаққалиев бастап келді.
Бұл басқосуға сондай-ақ, РФ МҒО ФМУК «НАМИ», «ГЛОНАСС» КеӘ, ҚР көлік, техникалық реттеу мен метрология, төтенше жағдайлар мен жедел медициналық қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органдар өкілдері тартылды.
Семинардың басты мақсаты – бизнеске «ЭВАК» жүйесін енгізуге дайындық пен қолдану деңгейін білу және туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме алаңын қамтамасыз ету болды. Жалпы семинар «ЭВАК» жүйесінің дайындығы мен оның жұмысқа қабілеттілігінің демонстрациясы туралы баяндама және жедел тойтару қызметін шақыру жүйесін көлік құралдарына орналастыруға қатысты техникалық регламенттің нормаларын түсіндіру бойынша екі бөлімнен тұрды.
«Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры Дина Мамашева семинарға келіп атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, «ЭВАК» жүйесінің қолданысқа енгізу дайындық деңгейінің осалдығына, және басқа да cұрақтар бойынша «шақыру түймесіне» қатысты бизнес-қоғамдастықтың үрейін жеткізді.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин «ЭВАК» жүйесінің әзірлеушілері 2016 жылы жұмыстардың бірінші кезеңін аяқтағанын, аталған жүйенің «112» Бірыңғай кезекші-диспечерлік қызметіне енгізуге дайын екенін, және кез келген отандық және шетелдік компаниялармен жасалған шақыру құралдарынан қоңырау шалуға болатынын хабарлады.
«Бүгінде «ЭВАК» жүйесі пилоттық режимде іске қосылуға дайын. Қазіргі таңда ҚР Ивестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, «ЭВАК» жүйесін өндірістік қолданысқа енгізу үшін операторды анықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді вице-министр.
ҚР Ғарыш техникасы мен технологиялары институтының өкілдері өздері әзірлеген «ЭВАК» жүйесінің Қазақстан жолдарында «шақыру түймесімен» жабдықталған көлік мүмкіндіктерін көпшілік назарына ұсынды.
Жол апаттарының статистикасы көрсеткендей өлімдердің 50% көрсетілетін көмектің дер кезінде орындалмағынан орын алады екен. Болжам бойынша ЭВАК жүйесін енгізгеннен кейін жедел жәрдем қызметтерінің оқиға орнына жету уақыты 30-40%-ға қысқартылады.
ҚР Ғарыш техникасы мен технологиялары институты өкілдерінің айтуынша көлік құралдарының «шақыру түймесімен» жабдықталуына шамамен 90 мыңнан 150 мың теңгеге дейін қаржы қажет болады.
Семинардың екінші бөлімінде Еуразия экономикалық комиссиясы, «НАМИ», «ГЛОНАСС» КеӘ өкілдері көлік құралдарының құрылғылармен жабдықталуы бойынша техникалық регламенттің талаптарын түсіндіретін материалдармен таныстырып, «ЭВАК» пен «ЭРА-ГЛОНАСС» өзара байланысы жөнінде мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар жолаушыларды және багажды, сондай-ақ қауіпті жүкті тасымалдайтын көлік құралдарына жедел тойтару қызметін шақыру құралдарын орнатуға қатысты ҚР «Жол жүрісі туралы» және «Көлік құралы туралы» Заңдарының талаптары ортаға салынды.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы техникалық реттеу мен аккредиттеу департаментінің директоры орынбасары Вячеслав Бурмистровтың айтуынша көлік құралдарына жедел тойтару қызметін шақыру құралдарын (жүйесін) міндетті орнату бойынша техникалық регламент талапатары қолданыстағы көліктерге қолданылмайды. Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП тарапы көлік құралдарына sos құралдарын орнатудың құқықтық бағасын беру үшін ҚP Әділет министрлігі мен Еуразиялық экономикалық комиссиясына жүгінуді жоспарлап отыр.
Шараға қатысушылардың пікірнше семинар жоғары деңгейде өтті, Қазақстан жолдарындағы апаттар мен төтенше жағдайларды алдын алуда sos құралғыны орнату қажеттілігі бойынша көп мәселенін басын ашты.
«Атамекен» ҰКП аталған жүйенін енгізілуі бойынша кәсіпкерлерден сауалдар мен ұсыныстарды қабылдаудың қосымша кезеңін өткізбек. Аталған тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, сауалдарды қажетті форма бойынша рәсімдеулеріңізді сұраймыз. Сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдау мен олар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.
Туындаған сұрақтарды «Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментіне zh.shuikebayeva@palata.kz почтасы арқылы жолдап немесе 8 (7172)919-330 нөміріне хабарласуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: