«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ойыл ауданындағы 176 компанияны әйелдер басқарады

2017 жылғы 09 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7247 просмотров

Іскер қыз-келіншектер отбасын да ұйытып, кәсіпкерлікті де дөңгелетеді 

Қыз келіншектер шаңырақтың түтінін түтетіп қана қоймай, өңірдің қоғамдық, саяси және экономикалық өміріне белсенді араласады. Айталық, Ойыл ауданында 176 кәсіпорынды, оның ішінде 30 шаруа қожалығын әйелдер басқарады.

Мысалы, Саралжын аулының тұрғыны Ажар Сапарованың жеке шаруа қожалығы бар, ол шамасы жеткенше ауылдастарына жәрдемдесіп отырады. «Ауылдастардың 80%-ның мал-жайын жем-шөппен қамтамасыз етіп отырмын. Болашақта мемлекеттің қолдау шараларын пайдаланып, тұқымдық мал шаруашылығын дамытумен айналысуды жоспарлап отырмын», ­– дейді «Орынша» шаруа қожалығының жетекшісі Ажар Сапарова

Ойыл ауданы тұрғындары өз бизнес-бастамаларының қатарында тары өсіруді көрсеткен. Сондай-ақ, жеке-жеке құйылған ауыз су шығару жобасы да бар. Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің көшпелі отырысында Халықаралық әйелдер күні меркесіне орай кәсіпорындардың дамуына үлес қосқан қыз-келіншектерді атаулы мерекемен құттықтады.  

Жиында кәсіпкерлік салада ерекшелігімен көзге түскен іскерлер марапатталды. Сондай-ақ, қатысушылар ауылдық жерде бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті. «Қалаға келгенде маған хабарласыңыздар. Несие алғыларыңыз келсе, ыңғайлы мекемеге бару керектігімен кеңес беремін», – деп атап өтті Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер