«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балабақшада жаңа әдістер қолданылуы керек

2017 жылғы 07 Наурыз
- Жетісу облысы
9914 просмотров

Студенттерге білім берудің дәстүрлі емес әдістері үйретілді

Талдықорған қаласындағы «INTELLECiTy» озық жеке меншік балабақшасының тәрбиешілері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттеріне шеберлік-класын өткізді. Кәсіби мамандардың дәрісі Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның мектепке дейінгі мекемелерінің қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды. «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін университетте «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» ғылыми-зерттеу орталығы, оқу зертханалары, виртуалды зертханалар, орталықтандырылған ақпараттық жүйелер мен ресурстар ашылған.

Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаеваның айтуынша, аталған дәріс жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасындағы байланысты нығайту үшін ұйымдастырылды. Бұған дейін өзара ынтымақтастықты тиімді орнату үшін Палата мен ЖМУ меморандумға қол қойған. Ал Қазақстанның мектепке дейінгі мекемелерінің қауымдастығы оқу орнының әлеуметтік серіктестер тізіміне енгізілген.

Шеберлік-класына студенттер ғана емес, Жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы кафедрасы, университеттің оқу-әдістемелік басқармасының мамандары да қатысты. Мамандардың тәжірибелік ұсыныстарын жоғары бағалады. «INTELLECiTy» балабақшасының тәрбиешісі Татьяна Луценко «Мектепке дейінгі жастаға балалардың интеллектуалды дамуын қалыптастыруда дәстүрлі емес білім беру технологиялары мен әдістемесін қолдану» тақырыбында баяндама жасады.

«Білім беру технологиясы мен әдістері жыл сайын жаңартылып әрі жетілдіріліп отыруы керек. Қазіргі дәстүрлі әдістер, тәжірибеде байқағанымыздай, көмектеспейді, мектепке дейінгі жастағы балаларға түсінікті, заманауи мысалдар керек. Сондықтан жоғары оқу орындары мен колледжердің оқу-әдістемелік құралдары қазіргі талапқа сай болғаны маңызды», – деп атап өтті Татьяна Луценко.

Балабақшаның тағы бір тәрбишісі Виктория Ашихмина болашақ әріптестерімен бүлдіршіндердің қолдарының ұсақ моторикасы мен шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше өнім дайындаудың тікелей әсері туралы бөлісті.

Дәріс аяқталған соң студенттер қызықтырған сауалдарын қойып, мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие жұмысын жүргізу бойынша өз ойларын ортаға салды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер