Биылғы егіс науқанында жанармай құны 95 теңгеден аспайды
Бүгін Ауыл шаруашылығы миинстрі Асылжан Мамытбеков БАҚ өкілдерінің басын қосып, биылғы көктемгі егіс науқанына қарасты қолға алынып жатқан жоспар, жұмыстары жайында мәлімдеме жасаған болатын. Журналистердің сауалына жауап беру барысында Асылжан Сарыбайұлы ағымдағы жылдың егіс науқанында жанармай құны 95 теңгеден аспайды, - деді (BAQ.kz).
- Бұл мәселені үкіметтік деңгейде талдап, талқылай келе біз 360 мың тонна жанармайды ауыл шаруашылығы саласын қолдап, демеуге бөлетін болып шешім қабылдадық. Яғни, егіс науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бағыты бойынша оның әр литріне 95 теңге көлемінде баға бекітілді, - деді министр.
- Бұл қазіргі нарықтық бағадан тәп-тәуір мөлшерде арзан. Мүмкіндігінше, осы бағаны өзгеріссіз ұстап тұруға тырысатын боламыз. Оған ведомствоның экономикалық әлеуеті толық жеткілікті, - деді ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: