«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Азық-түлік бағасы қалай реттеледі?

2017 жылғы 02 Наурыз
11285 просмотров

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын белгілеу мәселелері талқыланды

«Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені мен Тамақ өнеркәсібі комитеттерінің қатысуымен ұйымдастырылған Сауда мен шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің бірлескен отырысында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттеудің барлық қырларын талқылады, сондай-ақ ШОБ пен аграрлық сектор субъектілеріне салық салу мәселелері қаралды.

Жиынды «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев ашты. Ол ҚР Президентінің Жолдауына қатысты пікір білдіріп, кәсіпкерлік қоғамдастық жаңа экономикалық саясатты оң қабылдағанын атап өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сауда қызметін реттеу департаментінің директоры Қайрат Ертуғанов әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттеудің жаңа механизмі  тәсілдерін таныстырды. Балама нұсқа бөлшек сауда бағасының мөлшерлі ұйғырынды және шектік бекіту әдістемесінің  қолданыстағы әдістемесін жетілдіруге негізделген. Аталған нұсқа аясында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы ақырғы ұйғарынды бағасын олардың шектік мәнінің сәйкес ай сайынғы мониторингісінің негізіне есептеу әдістемесі мен бекіту механизімін енгізу ұсынылды. Оның үстіне, шектік бағаны 15%-ға арттырғанда ӘМАТ-тың бөлшектік бағасына ақырғы ұйғарынды бағасы енгізілуі мүмкін.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға ӘМАТ бөлшектік бағасына ақырғы ұйғарынды мөлшерін бекіту құзыретін беру, жеңілдетілген және бірыңғай әрі біркелкі баға мониторингісі үшін ӘМАТ тізімін қысқарту мен талдап тексеру  ұсынылды. Сондай-ақ, қадағалаудың басқа түрлерінде шектік бағаны бұзған сауда субъектілерін автоматты түрді әкімшілік жауапкершілікке тартумен ӘМАТ шектік бағасына бақылауды жүзеге асыру және ӘМАТ жеткізу келісімшартын жасауда ретро-бонустар өндіруді алып тастау ұсынылды.

Алайда, бірнеше қатысушы ұсынылған тәсілдерге қатысты бірден пікір білдірді. Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының директоры Ермек Рахметов алғаш болып өз ойын жеткізді. 

«Салалық сауда қауымдастығы ретінде, шын айтайын, реттеудің аталған мехнизімінде тиімділікті көріп тұрған жоқпыз. Бақылауды бүлдіретіндей жүргізбеуіміз керек. Сауда саласына мемлекеттік бақылау – бұл, былайша айтқанда, кері қадам жасау, нарық өзін өзі бақылауы тиіс», – деді Ермек Рахметов.

«Magnum cash&carry» ЖШС коммерциялық директоры Яков Фишман аталған тәсілдерді жасауда нарықтың тікелей қатысушыларының пікірі ескерілмейтініне қауіпті екенін атап өтті.

«Біз осы жобаға қатысты қауіптенгенімізден көптеген хат дайындадық, алайда, кездесуге келген сайын күн тәртібі мен таныстырылым сол баяғыша қалады. Біздің бірнеше ай бойы айтып жатқан қауіптеріміз назарға алынбайтындай көрінеді», – деді Магнумның коммерциялық директоры.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Ұлттық экономика министрлігінен бұл мәселеге қатысты түсіндіруін өтінді. ҚР ҰЭМ департамент директоры бұл тек жоба екенін және нарықтың барлық қатысушыларымен ашық сөйлесуге дайын екендіктерін айтты.

Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев бірнеше ай бойы байланысып, ашық диалогқа шыққаны үшін министрлікке алғыс білдірді.  Сонымен қатар, аталған реттеу механизміндегі сабақтастық мәселесіндегі белгісіздік ұйымдасқан сауда үшін де, ұйымдастырылмаған үшін сауда қызметінің барлық қатысушыларына бірдей деңгейде екенін атап өтті.

«Бөлшек сауда шын мәнінде барлық экономиканың квинтэссенциясы болып табылады, сөреге өнім түседі және оған барлығы қосылған. Сондықтан сауда ұйымдарының атынан сөйлей отырып, сіздердің осы мәселені жүйелі бақылайтындықтарыңызды білуіміз үшін еңбекақы қоры, монополистер, ҚТЖ, жанар-жағармай материалдарына қатысты салаларда қабылданған шаралар туралы хабардар етіңіздерші», – деп қорытындылады Комитет төрағасы.

«КенМарт» гипермаркетінің бас директоры Константин Макаренко да  Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеуге ұсынылған тәсілге қатысты пікір білдірді. ӘМАТ тізімін жете сәйкестендіру, «ретробонустарды» өндіру, сауда ұйымдары сөрелерінде отандық тауардың орын алуына шектеу қойғаны үшін жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ӘМАТ бағасын реттеу механизмінен артық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша жергілікті атқару органдарына сауда субъектілерін қатаң тәртіпте тексеру мен әкімшілік айыппұл салу бойынша өкілеттік беру  секілді қырларына тоқталып өтті.

Жалпы жиын нәтижелі өтті, бизнес-қоғамдастығы тарапынан айтылған ескертпелер мен ұсыныстар назарға алынып, «Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту және агроөнеркәсіп кешені департаменттері 10 күн мерзім ішінде айтылған ұсыныстарды зерттеп, оларды ҚР Ұлттық экономика министрлігіне табыстаулары керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер