«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазфосфат» минералды тыңайтқыштардың жылдық өнімін 1 млн тоннаға дейін көбейтпек

2017 жылғы 02 Наурыз
- Жамбыл облысы
11296 просмотров

«Қазфосфат» 2016 жыды компания 145 319 тонна минералды тыңайтқыш өткізді

Бұл туралы Таразда өткен Азияның V Агрохимиялық форумында «Қазфосфат» компаниясының өкілі мәлім етті. Жуырда «Минералды тыңайтқыштар» зауытында экстрациялы фосфор қышқылы (ЭФҚ) цехы ашылғаны мен фосфорлы-калийлік тыңайтқыш туралы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі менеджері Надежда Евдакова айтып берді.

«Біздің компания минералды тыңайтқыштардың жылдық өнімін 1 млн тоннаға дейін өсірмек. Зауыт бөлімінде фосфор-калийлік тыңайтқыштардың өндірісі іске қосылды. Енді экстрациялық фосфор қышқылының екінші цехын ашу жоспарда тұр. Онда тыңайтқыштардың сан алуан түрін өндіретін боламыз. Бүгінде барабанды кептіру, ұнтақтау бөліміне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, жаңа кептіру алаңы 2017 жылдың аяғына дейін шығарылатын өнімді 500 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Надежда Евдакова.

2016 жыды компания 145 319 тонна минералды тыңайтқыш өткізді. Оның ішінде 74 636 тонна ішкі нарыққа сатылған. Жаңарған зауыттың бүгінгі келбетін форум қатысушылары бағдарламаның екінші күнінде аранйы ұйымдастырылған экскурсия кезінде көре алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер