Қалалық кеңес форум өткізеді
Талдықорғанда бірінші қалалық кәсіпкерлер форумы ұйымдастырылады
Қалалық кеңес мүшелері кәсіпкерлердің бірінші қалалық форумын өткізу науқанын талқылады. Кеңес төрағасы Баниямин Файзулинның айтуынша форум өзекті мәселелер және олардың тиімді шешу жолдарына арналатын болады. «Талдықорған кәсіпкерлері форумы қала әкімі қатысуымен өтетін бірлескен шара болмақ. Біз «Көшбасшылар шеруін» ұйымдастырып, өткен жылды қорытындылап, өз саласының үздіктерін анықтайтын боламыз. Форум барысында тек қана жүйелі мәселелрді көтеріп қана қоймай, мемлекеттік органдар тарапынан болатын әкімшілік кедергілерді азайту, қала бизнес-климатын жақсарту бойынша ұсыныстар мен идеяларды қарастырып, пікірлермен бөлісетін боламыз», – деді Б.Файзулин.
Қала әкімі Бағдат Қарасаев форум өткізу бойынша бірнеше ұсыныстарды айтып, формуда өзін бизнес пен билік арасындағы дәнекерлеуші ретінде шығатыны айтты. «Қала экономикасы өсіп, дамып келеді, кәсіпкерлік субъектілері саны ұлғайған. Талдықорғанның болашағы біздің бизнес саласында бірлесіп, жүйелі жұмыс істегенімзге байланысты», – деді ол.
Аталған отырыста кәсіпкерлер қала басшысына өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, әкімнен «біздің мәселеден өабардарсыз ба?», – деп сауал тастады. Қала кеңесі мүшелері айтуынша кейбір консультативтік-кеңесші органдардың қызметі көңіл көншітпейді. Сондықтан ККО-ның қазіргі құрамы тексеру мен талқылауды талап етеді. Қала кеңесі мүшесі «Интеллект сити» білім беру орталығының директоры Маржан Ахмеджанова қалалық білім беру басқармасымен байланысты мәселені көтерді. Кәсіпкердің айтуынаш жергілікті білімі басқармасы жекеменшік білім мекемелерімен дұрыс байланыс жасамай отыр.
Бағдат Қарасаев отырыс барысында көтерілген мәселелердің барлығын назарға алып, шешімін табуға атсалысатынын айтты. Айта кетелік, Қалалық кеңес өткен жылдың тамызында құрылған болатын, құрамына бизнестің түрлі саласында жұмыс істеп жатқан 30 кәсіпкер кірген. Кеңес жанынан қызмет көрсету комитеті, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп пен өндіріс және әлеуметтік қызмет кқрсету бөлімдері құрылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: