«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рустам Жүрсінов: «Біздің мақсат – әрбір адам өзін қорғай алатындай жүйе құру»

2017 жылғы 23 Ақпан
6133 просмотров

«Атамекенде» Кәсіпкерлер құқығын қорғауға арналған ұсыныстар талқыланды

«Біздің мақсатымыз – әрбір адам өзін қорғай алатындай жүйе құру. Бұл бағытта Ұлттық палата секілді ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жұмыс атқарып келеміз. Біз қоғамдық мониторингті бастадық, наурыз аяғының соңында 16 сала бойынша нақты қорытынды шығарылады деп ойлаймын», – деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жекелеген бөлімдеріне өзгерту енгізу қарастырылып жатыр. «Себебі кодекстерде шенеуніктерді жауапқа тартуға кедергі келтіретін тұстар бар. Біз агенттікке нақты ұсыныстарды жолдадық, таяу арада талқылаймыз деген ойдамын», – деп түсіндірді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Көп талқылауларда кәсіпкерлерге 28 мың талап қойылады деп айтылады, алайда, Рустам Жүрсіновтың айтуынша, оның саны көбірек. «Қысқарту бойынша белгілі бір индикативтер қою керек. Былтыр төтенше жағдай мен санитарлы-эпидемологиялық қорытындының тексеру қағаздарына сараптама жүргіздік. СЭҚ бойынша 11 мың талапты қарап, 83% қысқарттық, ал төтенше жағдайға қатысты 70% азайды. Осы жұмысты жалғастыру керек», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Осы жұмыстардың қорытынды бойынша біз бақылау органдарының штатын оңтайландыруға қатысты логикалық шешім шығару керекпіз – 30%-дан кем емес. Еңбекақы төлеу қорын қайта бөліп, қалғандарының еңбекақысын көтеру керек», – деп қорытындылады Рустам Жүрсінов.

Жиында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Серік Төрегелдин кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға жолдаған арыз-шағымдарының салдары үлкен алаңдаушылық тудыратынын айтты. «Мемлекеттік органдардың шешімімен келіспейтін кәсіпкерлер «қуғындау» деп аталатын орбитаға түседі. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің жұмысын тексеру үшін бақылау-қадағалау органдарына жүгінеді, себебі еліміздегі заңнамаларда рұқсат етілген», – дейді Серік Төрегелдин.

Сарапшы кәсіпкерлердің жағдайын жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі деген ұсыныстарын айтты. «Шенеуніктердің кәсіпкерлерді қудалауына қарсы тұратын нормативті-құқықтық акті қабылдау қажет. Шенеуніктер материалдық жауаптылыққа тартылу керек. Мемлекеттік органдармен жүргізілетін барлық меморандумдар мен келісімдерге шенеуніктердің жауапкершілігін күшейту мәніндегі өзгертулер енгізу қажет», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер