Сауал – бізден, жауап – сізден
Бас прокуратураның тапсырмасымен облыстық прокуратура ауыл шаруашылығы өндімдерін өндірушілерді сауалнамаға қатысуға шақырады.
Сауалнамада келесідей сұрақтар қойылған:
1. АӨК саласындағы мемлекеттік субсидиялар сізге қолжетімді ме?
2. Субсидия алу кезінде қандай мәселелер туындайды?
3. Нақты қандай субсидияларға қажеттілікті сезінесіз?
Жауаптарды осы жаңалықтың астына есіміңізді көрсетпей, пікір ретінде жариялай аласыз немесе kostanay@palata.kz электронды адресіне жолдауға болады.
Прокуратура ауыл шаруашылығы бизнесі тарапынан Кәсіпкерлер палатасына деген сенім осы саладағы субсидиялау мәселесін егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтанда осы сауалнама Палатаның бөлімшелер желісі арқылы барлық аудандар мен моноқалаларда жүргізілуде. Сауалнама үлгісін Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан алуға болады.
Сауалнама қорытындысы орын алған мәселелерді шешу үшін кешенді сараптама негізіне алынады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: