«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кореялықтар бизнес жобаға қызығушылық танытты

2017 жылғы 23 Ақпан
- Қызылорда облысы
10324 просмотров

Қазақстан-Корея орталығы ынтымақтастыққа ықпал ету ретінде Кәсіпкерлер палатасымен серіктестік қызметін атқарады

Қызылордаға жұмыс сапарымен келген «Қазақстан-Корея ынтымақтастыққа ықпал ету орталығы» АҚ директоры Ву Джонг Хи Кәсіпкелер палатасында болып, оның жұмысымен танысты.

Ең алдымен қонақтар назарына «Орда тауарлары» көрмесі ұсынылды. Қонақтар Жаңақорған ауданынан шыққан жас кәсіпкер Оразай Жандостың етік тігумен айналысатын бизнесіне қызығып, оның бағасы Кореяда әлдеқайда жоғары болатынын айтты.

Одан кейін кореялық қонақтар өңірлік даму картасына енген жобалармен танысты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылы өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды зерттеуді және арнайы даму картасын жасаумен айналысуды қолға алған. Бұл база елдің кәсіпкерлік ахуалымен толық танысуға мүмкіндік беретін қаруға айналды, яғни картадан өңірлердегі басым бағыттарды, инвестиция салуға келешегі бар салаларды көруге болады. Бұл отандық және шетелдік инвестиция тартуға септігін тигізеді деп күтіледі. Өңірді дамыту картасына Қызылорда облысынан жалпы сомасы 80 млрд теңгеден астам 11 жоба енген. Картаға енгізілетін жобаларды таңдағанда жобаға деген сұраныс, оның бәсекеге қабілеттілігі, облыс экономикасы мен кәсіпкерлік саланы дамытуға қосатын үлесі ескерілді.

Картаға «Арал ауданында кальцийленген сода өндіру», «Шиелі ауданында силикат кірпіш жасау», «Сырдария ауданында күріш қауызынан тақта жасау», Шиелі ауылында бөтелкеленген табиғи ауыз су  шығаратын зауыт құрылысы», «Шиелі ауданында бәсекеге қабілетті қозы еті мен оны қайта өңдеу өнімдерін дайындайтын кәсіпорын құру», «Жаңақорған ауданында бақша шырынының концентрантын өндіру», «Қызылорда қаласында шыныплавтикалық құбыр өндіру», «Жылыжай шаруашылығы мен көкөніс сақтау кешенін ұйымдастыру», «Жалағаш ауданында мақсары майын өндіру» және «Жалағаш ауданында кремнийдің еселенген тотығы мен электр қуатын өндіру» инвестициялық жобалары енген.  

Қазақ-корей орталығының жетекшісі «Жаңақорған ауданында бақша шырынының концентрантын өндіру» жобасына ерекше ықылас білдірді. Кореяда мұндай концентраттар шығару жолға қойылған. Осыған орай облысқа арнайы осындай концентраттарды шығаратын жабдық жеткізу мәселесі талқыланды.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері өз кезегінде кореялық қонақтарға Кореядағы кәсіпкерлер мен Қазақстан бизнес өкілдері арасында қызықтырған саулдарды тақылауға және келешекте ынтымақтастық орнатуға арналған онлайн-конференция өткізуді ұсынды. Қонақтар бұл ұсынысты назарға алып, таяу арада Палат өкілдеріне хабар беретіндіктерін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер