«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Юрий Тілеумұратов: «Прокуратура мен Палатының бірлескен жұмысы нәтижесінде бизнес саласы жақсарды»

2017 жылғы 17 Ақпан
- Алматы қаласы
8009 просмотров

2015 жылмен салыстырғанда салықтық тексерулер 1,5 есеге азайды

Алматы өңірлік кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдарымен тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде 5,4 млрд теңге сомасында (2015 жылы бұл көрсетікіш 3 млрд-ты құраған) бизнесмендердің мүліктік құқығын қорғап қалды. Бұл туралы ҚР бас прокуроры Жақып Асанов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбектің кәсіпкерлермен кездесуінде Алматы кәсіпкерлер палатасы директоры Юрий Тілеумұратов хабарлаған болатын.

«Өткен жылы Палата бастамасымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша прокуратурамен тексерулер  жүргізілді. Тексеру барысында кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін көптеген жағдайлар анықталды, осы бағытта прокуратура жедел шара қолданып, бизнесмендер мүддесі қорғалды. Прокурордың  4 наразылығы орындалды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 14 заңсыз акт жойылды және өзгертілді, сондай-ақ, 51 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Оларға ықпал еткен заңдылық, себептер мен шарттарды  жою туралы  20 ұсыныс енгізілді», деп мәлім етті Юрий Тілеумұратов.

2016 жылы әр түрлі кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы 11791 акт тіркелген болатын, ал 2015 жылы 7959 тексеру актіні құраған, яғни бір жыл ішінде тексеру саны 1,5 есеге өскені байқалып тұр. 2015 жылмен салыстырғында салықтық тексерулер 1,5 есе азайды, алайда басқа салалар бойынша тексерулер керісінше ұлғайып кетті.

  1. 2015 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің тексерулері саны – 4337, оның ішінде 1152 заң бұзу анықталды; 2016 жылы – 2864;
  2. 2015 жыл, Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің тексерулері саны – 168, оның ішінде 86 заң бұзущылық анықталды; 2016 жылы – 1565, оның ішінде 824 құқық бұзу анықталған;
  3. 2015 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің тексерулері саны – 662, оның ішінде 287 құқық бұзушылық;  ал 2016 жылы – 3460, оның ішінде 1912 құқық бұзу анықталған.  

2016 жылы Алматы өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілеріне «жалған кәсіпкерлік» деген желеумен салықтық органдардың салық пен айыппұлдарды салулары, сонымен қатар осыдан орын алатын әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілікке ұшырататын әрекеті салдарынан кәсіпкерлерден шағымдар мен наразылықтар көп түсті. Бас прокуратураның араласуынан кейін аталған органдар барлық  жаппай жалған кәсіпкерлікке жатқызуға емес, кінәсіздіктің анық-қанығына жетуге талпына бастады. Осы мәселе 300-ден астам компанияларда болған. Мәселен, ҚР Жоғарғы Соты сот алқасының 2016 жылғы 12 маусымдағы үкімімен жалған кәсіпкерлік үшін сотталған Е.Минаковқа қатысты Алмалы аудандық сотының айыптау жазасы бас прокурордың кассациялық наразалығымен қайта қарауға жіберілді. Өйткені, іс жүргізу тәртібі бұзылған. Нәтижесінде Е.Минаков ісі Алмалы аудандық сотының 2017 жылғы 2 ақпандағы үкімімен Минаковтың 101 контрагентпен жасалған келісім бойынша айыптаулар қылмыстық құрам болмағандықтан алынып тасталды, басқа 247 контрагентпен жасалған келісімдер бөлек қаралып, прокуратураға жаңадан іс жүргізу үшін қайта жіберілді.

Палата мен  Прокуратура бірнеше бағыт бойынша бірлесіп жұмыс атқаруда. «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі құрылып, жұмыс істейді, сонымен қатар Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері кеңестің тұрақты мүшелігінде. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қала прокуратурасы және әуе прокуратурасы арасындағы  қол   қойылған меморандумдардан басқа,  Алматы прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті мен Жетісу көліктік прокуратурасымен мемерондумдық келісімге келу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Жалған кәсіпкерлік бойынша біраз жұмыстар атқарылғанмен, қазіргі таңда теріс салдар орын алып отыр. Мәселен, жалған кәсіпкерліктен «ОГО Интероил» ЖШС қатты зардап шеккен. Компания мемлекеттік органдардың тағайындаған 17 млрд теңге сомасындағы айыпұлдарын көп уақыт бойы шағым түсіріп, теріске шығара алмай отыр. Компания толық банкрот болудың аз-ақ алдында тұр. Бұл дегеніміз 300 қызметкердің бір уақытта жұмыссыз қалу қаупі бар. 2016 жылдың өзінде компания мемлекеттік бюджетке 900 млн теңге көлемінде салық төлеген. Осыған байланысты 2016 жылғы 5 тамыздағы Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотының шешіміне кассациялық наразылық білдіру туралы өтінішімізді қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Юрий Тілеумұратов.   

Сонымен қатар Юрий Тілеумұратов салық заңнамаға контрагенттермен жалған кәсіпкерлікті тексеру бойынша өзгертулер енгізу қажет екенін алға тартты. Тексерулерді  копроративті табыс салығы мен қосымша құн салығы бойынша толық тексеру емес, нақты жасалған келісімшарттар бойынша жүргізу керек екенін алға тартты. Қоғамдық орындағы асхана жалдаушылар мәселесі де толық шешімін таппай отыр. Палата мектеп асханаларын жалдаушыларды қолдап, бұл мәселені жартылай шешімін тапты. Мемлекеттік мекемелерде асхана орындарын жалдап отырған басқа кәсіпкерлер сұрақтары қаралған жоқ.

«Бүгінгі таңда істі қайта қарау механизмі, тек жоғарғы орган – Мемлекеттік табыс комитетіне өтінім жасағаннан кейін іске асырылып отыр. Қалыптасқан тәжірибе көрсеткендей соңғы шешім жиі дұрыс қабылданбай қалып жатады.    Сондықтан ҚР Қаржы министрлігі жанынан ҰКП өкілдері қатысуымен арнайы комиссия құруды ұсынамыз. Көп компаниялар шетел азаматтары үшін арнайы құжаттарды әзірлеумен айналысады, оның ішінде визалық қолдау да бар. Шетелдік бизнес-иммигранттарына таралатын «С5» визасын алу үшін жергілікті әкімдік өтінім береді, сондан кейін ҚР ІІМ мақұлдайды.  Бұл тұрғыда инвесторларды тарту үшін құжаттарды рәсімдеудегі кедергілерді алып тасату орынды болар еді», – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер