«Қорғаста» кедендік бақылау жеделдетілді
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығында туристік топтарды рәсімдеу реттеледі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин «Қорғасқа» жолаушылар пойызымен және халықаралық автобустармен баратын туристік топтарды ресімдеуді реттеу мақсатында арнайы тапсырма берді.
Бүгінде кедендік бақылаудан өту процедурасын жеделдету үшін, сондай-ақ шекаралық ынтымақтастық аймағына жолаушы пойызымен, халықаралық автобустармен барған туристерді кедендік бақылаудан өткізуде ұзын-сонар кезектің туындамауы үшін олар жеке-жеке екі дәліз арқылы өткізіледі.
Сондай-ақ, 2016 жылы 28 қарашада ШЫХО-ға туристік компаниялар арқылы келген туристерді өткізу бойынша Қағида жасалып, бекітілді. Оған сәйкес туристік компаниялар арқылы автобуспен келетін туристер шекаралық және кедендік бақылаудан жеке дәлізбен өтеді (қосымша тіркелген).
Оған қоса, тіркеу процедурасы жеделдетілген тәртіпте жүзеге асырылады. Себебі, шекаралық бақылау органдарына қажетті туристер туралы ақпарат алдын ала жолданады. Қазіргі таңда, осы кесте бойынша тесттік режимде өз жұмысын бастады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: