«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктері

2017 жылғы 15 Ақпан
- Павлодар облысы
10498 просмотров

Кез келген саланы ынталандыруда Жолдаудың қуаты мықты

«Елбасы Жолдауы отандық бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктердің жаңа белесіне жол ашады», – дейді «ЭМИРАЙТ» ЖШС директоры, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, Павлодар облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшесі Мирхат Мусанап.

«Бизнес ортадағы жас буынның өкілі ретінде қоғамның барлық саласындағы жұмысты жақсарту үшін Жолдаудың ынталандыру қуаты мықты. Біздің еліміздің күшейе түсуі үшін айқын бағыттардың көрсетілгені қуантады. Өзім үшін шағын және орта бизнесті дамытуды ерекшелеп алдым», – дейді Мирхат Мусанап.

Кәсіпкердің айтуынша стратегиялық маңызды саланың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Жолдауда кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету, бизнес ашу үшін шығындардың барлық түрін азайту мәселелері қаралған. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті қайта реттеу бәсекелестік қабілетін арттыру және кәсіпкерлік қызметтң ынталандыру мақсатында нарық субъектілерінің экономикалық әрекетіндегі еркіндікке жақсы дайындама береді. 

«ЭМИРЭЙТ» ЖШС өңірдегі тұрақты дамып келе жатқан әрі келешегі бар кәсіпорын деп саналады. Мұнда бизнесті сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін ұжымдық қызметтің халықаралық заманауи тәжірибесі енгізіліп келеді. Заманауи кәсіпорын көмір және темір жол өнімдерін сатумен айналысады, көлік-логистикалық компания сәтті жұмыс істеп отыр. Жақында ғана темір жол саласына арналған қосалқылар өндірісі іске қосылды.

Мирхат Мусанаптың айтуынша, кез келген бизнестің сәтті болуына мемлекеттік қолдау, істі дамытудағы инновациялық тәсілдерді қолдану және кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі кепіл бола алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер