«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске айыппұл не үшін салынды?

2017 жылғы 08 Ақпан
- Маңғыстау облысы
9631 просмотров

Маңғыстау кәсіпкерлері «ҚазТрансГаз Аймақтың» орнатылған есептеу құралының газ жабдығына сай келмеуі туралы талаптарымен келіспейді

Осы мәселе «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік бөлімі өкілдерінің қатысуымен Кәсіпкерлер палатасы алаңында талқыланды.

Кәсіпкерлер газды есетеу құралының орнатылған газ жабдығына сай келмеуі туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» МӨБ талаптарымен келіспейтіндіктерін айтып өңірлік палатаға жүгінді. Мысалы, «Шипагер» оңалту орталығы» ЖШС айтқандай, 2016 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ есептегіштің жабдық қуатымен (жанарғы) сай келмейтіндігі туралы ескерту жасаған. Алайда 2014 жылдан 2016 жылға дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері орнатылған жабдыққа бірнеше рет пломба іліп, есептегіштердің жұмысын тексерген, ешқандай бұзушылықтарды анықтамаған. Соған қарамастан акт жасалып, айыппұл салынған. Кәсіпорын мұнымен келіспейді, себебі жабдық қуатын есептегенде жаңылыс ессептеулер орын алған. Сондай-ақ кәсіпорын газды пломбалау кезінде қиындықтар туындағандықтан бірнеше рет жазбаша өтінім түсірген. Алайда өтінім түскеннен кейін бірнеше айдан кейін ғана пломбалауды жүргізген.      

Бүгінде кәсіпорынға 9 000 000 (тоғыз миллион) және 279 000 (екі жүз жетпіс тоғыз мың)  сомада айыппұл көрсетілген екі акт түсірілген. Кәсіпорын бұл шешіммен келіспей, Кәсіпкерлер палатасына осы мәселені шешуде жәрдемдесуді сұрап жүгінген. Бұл бір ғана жағдай емес. Кәсіпкерлер палатасына осындай сауалдармен осы өңірден 15 бизнес өкілі шағымданды.

Облыстағы Кәсіпкерлер палатасы жетекшісі Кәсіпкерлер палатасының, ЭжТКШ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ МӨБ, қала мен аудан әкімдігінің және қоғамдық бірлестік  өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс тобына өңірлерге шығып, мәселе туындаған нысандарды көруге кеңес берілді. Сонымен қатар мәселені анықтау және даулы жағдайды шешу мақсатында, кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін Кәсіпкерлер палатасында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ МӨБ өкілдерін (директор орынбасарларынан төмен емес) кемінде айына бір рет қабылдауды ұйымдастыру жоспарлануда.   

Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сол орында техникалық талаптар алу туралы ұсыныстар айтылды, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ МӨБ басшылығына ыңғайлы орынға шағымдар мен өтініштер білдіруге арнайы жәшік орнатуға кеңес берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер