«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Халел Төреғалиев: Түрлі тосқауылдарға қарамастан, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту керек

2017 жылғы 01 Ақпан
3515 просмотров

Бизнесмен Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарға қолдау танытты

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің мүшесі, «ИмстальКОН» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Халел Төреғалиев  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді.

«Мен Елбасының халыққа арнаған Жолдауын, әсіресе оның мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке қатысты тұсын толық қолдаймын. Бизнесмендер бюджеттен бір тиын сұрамай, өз беттерінше ақша тауып жүр. Олар жас жеткіншектерге арнап спорт кешендерін, балабақшалар мен мектептер салғысы келеді. Балалардың денсаулығы жақсы болса, елдің де көңіл-күйі жақсы ғой. Сонымен қатар қазынаға салық төлеп, тұрғындарға арналған түрлі нысандар тұрғызып жатыр. Олай болса, шағын және орта бизнесті не үшін дамытпасқа? Бізде бюрократиялық тосқауылдар мен әкімшілік кедергілер тым көп. Солармен күресуіміз керек», – дейді Халел Төреғалиев. 

«ИмстальКОН» – Орталық Азиядағы ірі құрылыс компаниясы, онда 12 мың қызметкер жұмыс істейді. Ол құрылыс конструкцияларын, темір резервуарлар мен құрал-жабдықтарды жобалаумен, дайындаумен, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаумен, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы ғимараттар салумен айналысады. «ИмстальКОН» бұған дейін әлеуметтік, әкімшілік, мәдени, спорт нысандарын тұрғызды. Олар: «Астана-Бәйтерек» монументі, елордадағы Коньки тебу стадионы мен әмбебап Киноконцерт залы, оңтүстік астанадағы «Алматы Тауэрс» ғимараты мен «Еурополис» тұрғын-үй кешені.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер