«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төтенше жағдай туындаса...

2017 жылғы 27 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
7566 просмотров

Ақтөбеде өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мен Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылмақ

Бұл шара арадағы ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында қолға алынды. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты жасаған шағымдарын тез арада қарау мақсатында  іске асырылып отыр. Атап айту керек, меморандумға 2014 жылы қол қойылған.

Бүгінгі таңда екі ведомство басшылары бизнесті қорғау мәселелері бойынша жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум пунктерін жүзеге асыру жөніндегі жылдық іс-шаралар жоспарын бекітті. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Бауыржан Сыздықов кәсіпкерлерге әдіснамалық көмек көрсетудің тиімді механизмдерін енгізу, бизнесмендермен кері байланыс орнату жөніндегі жұмыстарды күшейту, мемлекеттік қызметтерді көрсету мен азаматтық қорғаныс саласындағы рұқсат құжаттарын беру тәртібі бойынша қолға алынған шаралар туралы айтып берді.

«Шын мәнінде, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы түсініспеушілік азайып келеді. Бұл көзге көрініп тұр, – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов. – Әлбетте, әсіресе адам қауіпсіздігіне келгенде, бақылау-қадағалау функциялары қажет екені анық. Алайда рұқсат беру процедураларын сындарлылық, ашықтық, бірлескен қызмет тиімділігі қағидалары арқылы жетілдіре түсу керек».

Атап айту керек, меморандум аясында тұрақты түрде мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін және кәсіпкерлерді тарту арқылы бірлескен кездесулер, дөңгелек үстелдер өтіп келе жатқанын атап айту керек.

Сонымен бірге, ТЖД мен ӨКП қызметкерлері бизнес субъектілерінен келіп түскен шағымдарды жедел түрде қарап, кәсіпкерлердің уәжіне дер кезінде құлақ түретін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер