«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тың ақпаратты Палатадан табасыз

2017 жылғы 25 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
9124 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында заңнамалық түзетулердің мән-мағынасы түсіндірілді

ӨКП кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасындағы тиімді сұхбат алаңына айналды. Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету бөлімі ұйымдастырған семинарда жергілікті бизнес-қоғамдастыққа 2017 жылы салықтық және кедендік заңнамаларға енгізілген өзгерістер әңгімеленді.

Кәсіпкерлерді бәрінен бұрын 2017 жылдың 1 қаңтарында жанама салықтарға қатысты енгізілген өзгерістер қызықтырды. Семинарда электронды шот-фактураға қатысты мәселелер көптеген адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына кедергі келтіріп отырғаны анықталып, Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Д.Ковальд осыған қатысты түсініктеме берді.

Бизнес субъектілеріне салық қарыздарын мәжбүрлі түрде өндіріп алуға қатысты өзгерістер мен банкротқа ұшыраған кәсіпорынды оңалту мәселелері туралы айтып берді.

Кәсіпорындардың сырқы экономикалық қызметін кеңейту және экспортқа бағдарланған өнімдер шығару еліміздегі экономикалық саясаттың бірден-бір мұраты екіні белгілі. Сол себепті бұл мәселе де кездесуге қатысушылардың назарынан тыс қалмады. Кедендік заңнамалардағы өзгерістерге және бизнес субъектілеріне құйылған шетелдік қаржы көздерін мониторингтеуге қатысты сұрақтарға Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері С.Ляпина мен Ж.Клюкова жауап берді.

Палатадағы мұндай кездесулердің берері көп. Кәсіпкерлер аталған іс-шарадан заңнамадағы өзгерістерге қатысты мол ақпарат алып қайтады. Әлі толық жауабы табылмаған сұрақтар ұмыт қалмас үшін, бақылауға алынды. Нәтижесінде, әрбір іс-шара бизнес-ортаның сенімді дерек көзіне айналады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер