«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйел қырық шырақты...

2017 жылғы 24 Қаңтар
- Жамбыл облысы
8019 просмотров

Меркі ауданында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы бизнесвуменге автокөлік сервисі, вулканизация, көлік жуу және дәмханасы бар кешенді кеңейтуге көмек берді

Перизат Атханованың бизнеске келгеніне көп болған жоқ. Ол кәсібін 2013 жылы бастаған. Барлық мүмкіндіктерді, білімі мен машығын бағамдай отырып, отбасылық кеңесте көмір мен құрылыс материалдарын, оның ішінде  цемент және ағаш секілді материалдардың жеткізілімін көтерме бағамен сатуға шешім қабылдайды. Бұл істің мән-жайын отбасы бұған дейін де жақсы білетін. Себебі, оның жолдасы жылдар бойы ауданға сұйық отын жеткізумен айналысып келген. Ескі таныстар да, байланыстар да болған. Бастапқыда Меркі ауылындағы адам аяғы көп жүретін жерден жер телімін сатып алып, көлік кіруге оңай болатындай етіп қоймалар салды.

Одан кейін құмнан жасаған блоктар жасап шығаратын цехты іске қосқан. Оған ауылдық елдімекенде сұраныс жоғары. Ауыл тұрғындары бұл материалды дуалдар, сарайлар мен мал қоралар салу үшін қолданады. Бір жылдан соң қосалқы бөлшектер сататын дүкені бар ТЖО (Техникалық жөндеу орталығын) ашқан. Екі жыл ішінде атқарылған жұмыс аз болған жоқ. Цех, қойма, көлік сервисі салынды. Жер телімінің тек бір бөлігі ғана пайдаланылмай қалған. Онда қожайындар пайдалы әрі табыс әкелетін іс бастамаққа ниеттенеді. Осылайша, олар клиенттер күтетін орны, кафесі және вулканизациясы бар көлік жуу кешенін ашпақ болады. Ал кешенді салу үшін айналымнан ақша алу, осындай күрделі кезеңде оларға оңай болмасы анық. Сондықтан олар жеңілдігі бар несие алу мақсатында мемлекеттік көмекке жүгінбекке бел буады.

Кәсіпкер әйел кеңес алу үшін Меркі ауданындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінеді.

«Біз кәсіпкерге кеңес беріп, оған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат ұсындық, – дейді КҚО менеджер-кеңесшісі Нұржан Шойбек. – Уақытты босқа өткізбес үшін бірден бизнес-жоспар жасап, құжат жинауға кеңес бердік».

Банктердің көбі, әдеттегідей, жобаның өзін-өзі ақтап алатынына сене қойған жоқ. Екінші мәрте көмек ала алмаған кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың шынайылығынан күмәндана бастаған. Ол бұдан былай банктерге сенбестей болып,  еңсесі түсіп кеткен. Алайда КҚО қызметкерлері кәсіпкерге үміт үзбеу керектігін ескертті. Сонымен бірге, ауданға құрамында «Даму» қорының, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері бар көшпелі топ келе жатқанын біліп, оларды бизнесвуменнің нысанын көруге шақырады.

«Халық Банк» АҚ өкілдері жобаға қызығушылық танытып, бір айдан соң кәсіпкерге несие берді. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі жұмыстар ғана қалған.

2016 жылы Меркі аудандық КҚО жалпы құны 270 миллион теңге болатын шағын және орта бизнестің 60 жобасына қолдау білдіргенін айта кету керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер