«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жергілікті өндірушілерге басымдық беріледі

2017 жылғы 24 Қаңтар
- Павлодар облысы
7180 просмотров

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік сатып алулар жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Жиында құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік сатып алулар тақырыбы қаралды.

ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбілтаев жиналысты аша отырып, Кәсіпкерлер палатасының алдында тұрған басым бағыттардың бірі жергілікті тауар өндірушілерді қолдау екенін атап өтті. Мұнда кең қолданысқа арналған тауарлармен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттің қажеттіліктеріне арналған тауарларды да ілгерілету маңызды.

Жергілікті өндіруші үшін тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүйесіне қатысу жақсы демеу болмақ. Осы мақсатта ӨКП-да жұмыс тобы құрылды. Олар облыстағы өндірушілер мен тұтынушылардың кездесуін тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілердің тізілімін жүргізеді. Бұдан бөлек, тапсырыс берушілерге отандық тауар өндірушілер арасындағы әлеуетті жеткізушілер туралы ақпараттар беріліп тұрады.

Серік Әбілтаевтың айтуынша, бүгінде өңірде тұрғын-үй құрылысы белсенді түрде өсіп келеді. Осыған байланысты жиналысқа облыстағы тұрғын-үй коммуналдық, құрылыс салаларының өкілдері қатысты. Нақтырақ тоқталар болсақ, «Интерпластик» ЖШС, «Arinvest» ЖШС, «Свет» ЖШС, «Дендро» фирмасы ЖШС өз өнімдерін таныстырды.

Жиын қорытындысы бойынша жұмыс комиссиясы құрылыс басқармасымен бірлесе отырып, жобалық ұйымдармен кездесу өткізу туралы шешімге келді. Онда құрылыс саласындағы отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін таныстырады. Өз кезегінде ӨКП жұмыс комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша жасалған шарттардың мониторингін жүргізіп отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер