«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қуат нарығында ортақ шешім қажет

2017 жылғы 23 Қаңтар
16362 просмотров

Қуат нарығын жетілдіру мақсатында, ұсыныстарды әзірлеу жөнінде бірлескен жұмыс тобын құру қажет

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Энергетика комитеті мен Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің бірлескен отырысының қатысушылары осындай ортақ мәмілеге келді.

Күнтәртібінде, сондай-ақ, электр қуаты нарығын енгізу мәселесінен бөлек, жылыжай газы қалдықтарына берілетін квотаны үлестіру ережелері қаралды. 

Отырыста алғашқылардың бірі болып сөз алған ҰКП Төралақасының Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті төрағасы Николай Радостовец, елдің энергетикалық нарығының үштен бір үлесі кен-металлургия секторына жататынын атап өтті. Сол себепті, қос сала өкілдеріне де түйткілді мәселелерге қатысты ортақ шешім қабылдау маңызды деді комитет төрағасы.

Бұл ретте, ірі компания басшыларының ұстанымын алға тартқан Николай Радостовец, бүгінгі қуат нарығы үлгісіне бірқатар өзгерістер енгізу қажеттігін сөз етті. Оның айтуынша, мұндай жаңашылдық инвестиция көлемін арттыруға жол ашып қана қоймай,  сондай-ақ, «Электр энергетикасы туралы» заңға түзетулер енген күннен бастап, айтарлықтай өзгеріске «ұшыраған» бүгінгі заман талаптарын ескеруге мүмкіндік береді екен.  

«Ол кезде елде электр энергиясы тапшылығы орнаған еді. Ал, бүгін, керісінше, энергия мөлшері шамадан тыс артылып жатыр. Осылайша, артылған қуат 3 мыңнан 5 мың мегаватқа дейінгі мөлшерді құрап отыр», – деп ірі компанияларды мысал етті Н.Радостовец. Мәселен, бүгінде ERG-дың артық қалған қуат көлемі – 722 МВт, «Қазақмыс» – 251 МВт және «Қазмырыш» – 136 МВт-ты құрап отыр екен.

Ал, 2019 жылы қуат нарығын енгізгеннен кейін, өндірістік компаниялар қуатты арзан тарифтермен сатып, қымбат сомаға сатып алуға мәжбүр болатын көрінеді. Мұндай жағдай, электр энергетикасы туралы заңға сәйкес, Бірыңғай сатып алушы, байқаудан тыс, сатылымсыз жаңа электр станциялары (Балқаш ЖЭС) мен негізгі қорларды жандандыру (Екібастұз ГРЭС-2 және ГРЭС-1) және бұған дейін алынған несиелерді жабу мақсатында Энергетика министрлігімен жеке келісімшарт жасасқан электр станцияларынан қуатты сатып алумен байланысты орын алғалы отыр екен.   

Осылайша, қуат мөлешірінің артылуы салдарынан, Бірыңғай сатып алушы, сатылымда басымдыққа құқығы берілмеген өзге электр станцияларынан,  50%-дан аспайтын қуат сатып алатын болады. Жағдайдың осылайша өрбуі, әлеуеті төмен электр станциялары қуатының бағасының төмендеуіне әкеліп соқтырмақ. Осылайша, арзан қуат пен басымдыққа ие, бағасы жоғары қуаттың «бір нарықта жүруіне» тура келеді.   

Ал, қолданыстағы қуат нарығы өнеркәсіптік топтарға қалай әсер етпек? Артық көлемде қуат өндіретін әрі арзан электр энергиясын шығаратын кәсіпорындар, шығынға белшесінен батқалы отыр. Мәселен, ERG – 43 млрд теңге, «Қазақмыс» – 2,9 млрд теңге, «Қазмырыш» – 2,3 млрд теңге көлеміндегі шығынға ұшырамақ.

Комитет төрағасы атап өткендей, қолданыстағы қуат нарығын енгізу, электр энергиясы бағасының біршама өсуіне ықпал етіп, өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабылеттілігіне барынша кері әсер етеді екен. Себебі, электр энергиясына жұмсалатын шығындар, өнімнің өзіндік құнында маңызды рөл атқаратын көрінеді. Мысалы, 1 кВт сағатына 3,3 теңгені құрайтын алюминийдің өзіндік құнындағы электр энергиясына кететін шығын үлесі – 17%, ферроқорытпада – 35%-ға дейінгі мөлшерді құрайды екен.

Отырыста халықаралық тәжірибені ескере отырып, өзгертулер енгізілген – жаңартылған қуат нарығының үлгісін, Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы сарапшысы Ғалым Алниязов таныстырды.  Ұсынылған нұсқада қуат нарығын қысқа мерзімді (1 жылдан аспайтын) және ұзақ мерзімді (5 және одан да көп жыл) етіп жіктеу қарастырылған.

Қысқа мерзімді нарықта жаппай тұтынушы, қуаттың даяр болуына қатысты қолдау көрсету қызметтерін, қолданыстағы ЭТҰ-дан (энергия таратушы ұйымдар), орталықтандырылған сатылымдарда және қос тарапты келісімшарт бойынша, барынша көп көлемдегі мөлшерде сатып алуға міндетті екен.  Бұл ретте, тұтынушы қуат сатып алынатын мерзімді өзі бекітетін көрінеді (1 ай, 1 тоқсан, 1 жыл). Осыған орай, ЭТҰ көтерме тұтынушыларға қуатты дайындауға қатысты қолдау көрсетпек.  Ал, бірыңғай сатып алушы аталған нарыққа қатыспайды екен. 

Сол сияқты ұзақ мерзімді нарықта көтерме тұтынушы, Қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан, бекітілген көлемде, ең аз көлемдегі қуатпен қамтамасыз етуге қатысты қызметтерді сатып алуға міндетті болмақ. Аталған процеске, баламалы нұсқа бойынша ұзақ мерзімді нарыққа қатысушы тұтынушылар қатыса алмайды. Осыған орай, бірыңғай сатып алушы, жаңа қуатты пайдалануға беру уақытынан бастап орын алған сатылым нәтижелеріне қарай, мерзім және баға, көлемге байланысты тендерді жеңіп алған жеңімпаздан қуатты сатып алады және қаражатты топтастыратын болады. Ал, нарық кеңесі орын алған жағдайға орай (қуат көлемінің тапшылығы немесе шамадан тыс артылып қалуы), ең аз мөлшердегі қуат көлемін бекіту және жаңа нысанды салу қажеттілігі мен оның орналасу орнын анықтауға қатысты өкілеттікке ие болмақ.

Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовецтің айтуынша, ұсынылған нұсқа тұтынушылардың тартылуына қатысты ауқымды таңдау мүмкіндігі мен жеңілдіктерді қарастырады екен. Ұзақ мерзімді қуат нарығына қатысу бойынша баламалы нұсқаны енгізу, тұтынушыларға жаңа қуат көлеміне инвестиция құюға мүмкіндік беріп, тек тиімді жобаларды таңдауға жол ашады деді комитет басшысы. Оның ішінде, қолданыстағы жобаларға бенчмаркинг жүргізуге жол ашып, өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға сеп болмақ.

Отырыста сондай-ақ, қарама-қайшы пікірлер де айтылды. «KEGOC» АҚ басқарма төрағасының корпоративті басқару және ҰЭЖ (Ұлттық энергетика жүйесін) дамыту жөніндегі орынбасары Әскербек Қуанышбаевтың айтуынша, аталған нарық нұсқасы, салынып жатқан екі станцияны ескере отырып әзірленген. Оның пікірінше, кез келген нұсқа қандай да бір жағдайдың орын алуына байланысты, нақты бір жолмен әзірленбеуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, келесі жылы жағдайдың өзгеруіне байланысты тағы да заңдарға, нұсқаларға және тағы басқаларға өзгерістер енгізуге тура келеді екен.  

Сонымен қатар, ол орталықтандырылған сатылымдарға ешкім қатыспайтындықтан, электр энергиясы нарығында екі жақты келісімшарт орнату процесімен де келіспеді. Компания өкілі, бұл ретте, республиканың аталған сала нарығы айтарлықтай ауқымды емес деген пікірді алға тартты. 

«Біз, әсіресе, қуат көлемі артылып қалған жағдайда, электр энергиясының орталықтандырылған сатылымдарда ашық күйінде сатылуын қалаймыз.  Себебі, дәл осы тұста нарық бағасы да анықталатын болады. Әсіресе, қуат мөлшері артылып қалған жағдайда, бұл өте маңызды мәселе болмақ», – деді Әскербек Қуанышбаев.

ҰКП Төралқасының Энергетика комитеті төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, қуат көлемінің артылып қалуынан бөлек, одан да басқа деректерді назардан тыс қалдырмау қажет деген пікір білдірді. Оның ішінде, іргелес энергия жүйелерінен қуатты сатып алу мәселесі де бар деді маман. Аталған мәселеге, сондай-ақ, станцияларда 70%-дан астам көрсеткішті құрайтын, жүйеден шығарып тастау мәселесін қосып қойыңыз деді ол.

«Шектелген тарифтер бағдарламасы қуатты шығарып тастау мерзімін қысқартуға жол ашты.  Десе де, аталған мәселе әлі де өзекті болып отыр. Және қуат нарығы тиімсіз қуаттарды шығарып тастауға әсер ететін болады. Басқаша айтқанда, мұнда кәдімгі нарық бәсекесі орын алып отыр», – деді ол.

Оның мәліметіне сәйкес, ГРЭС-2-нің үшінші блогы  мен Балқаш ЖЭС-ін пайдалануға беру мерзімі кейінге қалдырылып отыр екен. Бұл ретте, осы уақыт аралығында, аталған нысандардың қуат нарығына әсер ету жағдайы орын алмайды деді ол. 

«Қуат нарығын енгізу – үдемелі механизм екені айдан анық. Сондай-ақ, ол қандай да бір жоба үшін әзірленбейді. Ол нарықтың барлық қатысушыларына, оның ішінде, қосымша табыс табуға да өз септігін тигізеді», – деді ол.

Қолданыстағы нарық үлгісіне тоқталып өткен Алмасадам Сәтқалиев, осыдан үш жыл бұрын, түрлі елдер нарықтарының 17 үлгісі сарапталғанын жеткізді. Ал, қабылданған нұсқа бейімделу мерзімінен, барлық сарапшылардың талқылауынан өткен. Онда басқару, болжалды теңдік, тепе-теңдік нарығына қатысты барлық тұстар, энергия жүйесін басқару, оның ішінде, мемлекет аралық өту, ЕАЭО аясындағы заңнама базасы, бірыңғай нарық үлгісін құру, даму және тұрақтылық мәселелері қамтылған екен.

Осылайша, Энергетика комитетінің жетекшісі Алмасадам Сәтқалиев, Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовецтің ҰКП аясында жұмыс тобын құрып, тұтынушылар мен басқа да қатысушылардың мүдделерін ескеретін, шоғырландырылған, ымыралы үлгісін Үкіметке ұсыну туралы ұсынысына қолдау көрсетті.

Күн тәртібінде қаралған тағы бір мәселе – жылыжай газдары қалдықтарына берілетін квоталарды үлестіру ережелері еді.

ҚР Үкіметінің «Жылыжай газдары қалдықтарына берілетін квоталарды үлестіру ережелерін бекіту және бекітілген мөлшер резервтерін әзірлеу және жылыжай газдары қалдықтары квоталарын үлестірудің Ұлттық жоспарындағы квота көлемі» туралы Қаулысы жобасына сәйкес, республика кәсіпорындарына квотаны беру ісін, ҚР Энергетика министрлігі ұсынған, өнімге қатысты  дербес коэффициентке сәйкес жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Алайда, аталған квота үлестірудің аталған механизмі, айыппұл санкцияларын тағайындау және қажетті мөлшердегі квотаны ала алмау салдарынан, ТКК ірі кәсіпорындарына қатысты келеңсіз жағдайлардың тууына әкеп соқтыруы мүмкін. Себебі, дербес коэффициентті есептеу барысында, өндіріс технологиясы мен шикізат базасы ескерілмейді. 

Осыған орай, ұсынылған меншікті коэффициенттерді қосымша қарау уақытының шектелген мерзімін ескере келе, отырыста аталған кран жұмыстарының өндірістік жобасын қабылдау мерзімін 2017 жылдың екінші тоқсанына шегеру туралы ұсыныс айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер